Мадина Түктібаева

Мадина Түктібаева

Университет атынан мен Азия, Тынық мұхит, Солтүстік Америка, Еуропа, Латын Америкасы және Кариб бассейні елдерінің жас мамандарына арналған Жапонияның Сыртқы істер министрлігінің “Мирай-2018” атты мәдени-таныстыру бағдарламасына қатыстым. Орталық Азия мен Кавказдың сегіз елінен, атап айтқанда Қазақстан, Грузия, Армения, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және басқа елдерден 40-қа жуық жас маман күншығыс елінің кәсіби заңгерлері мен индустриясының үздік өкілдерінен баға жетпес тәжірибе алдық. Қазақстаннан әр түрлі мамандықтағы 5 адам қатысты: сот өкілі, прокурор, Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің маманы және ресейлік жоғары оқу орындарының бірінің құқық магистрі. Бұл тәжірибе алмасу, мәдени және зияткерлік алмасу болды. Біз мемлекеттік органдардың жұмысымен танысып, сот отырыстарына қатыстық. Ең үздік халықаралық заңгер болып танылған профессорлар жұмыс істейтін университеттерге бардық. Көптеген нюанстар мен инвестициялық дауларды шешу туралы білдік. Сапар қорытындысы бойынша біздің команда Жапония мен Қазақстанның құқықтық құрылымына салыстырмалы талдау жасаған жобаны ұсынды. Мен Қазақстанда, атап айтқанда СДУ университетінде, сондай-ақ INTEGRITES халықаралық заң фирмасының магистратурасында өткізілетін дәрістер мен семинарлар негізінде Республикада заң бизнесін жүргізуге салыстырмалы талдау жүргіздім. Жапония  университеттің қызметін жоғары бағалады. Біз тәжірибе өту үшін студенттер, магистранттар және оқытушылармен алмасуда өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткіздік. Сапар нәтижелі болды. MIRAI бағдарламасына қатысу мүмкіндігі іріктеу процесінен өтіп жатқан әрбір адамға қолжетімді. Бағдарлама заңгерлерге ғана емес, филологтарға, экономистерге, инженерлерге және басқа да мамандықтарға арналған жеке бағдарламалар бар. Осындай бағдарламалардың мүмкіндігінше көп болғанын қалаймын.

На карту Халык банка

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: