Қашықтықтан оқыту технологиясы негізінде аралық аттестаттау (емтихан) өткізу нұсқаулығы

Қашықтықтан оқыту технологиясы негізінде аралық аттестаттау (емтихан) өткізу нұсқаулығы

 

СДУ Оқу-әдістемелік орталығы ағымдағы ТЖ-ға (төтенше жағдай) байланысты  және  студенттер мен оқытушыларда кездесетін мәселелерді ескере отырып, Қашықтықтан оқыту технологиясы негізінде аралық атестаттау өткізу нұсқаулығын дайындады.  Сондай-ақ, аралық атестаттауды сапалы түрде өткізу және әділ бағалау біз үшін өте маңызды.

 

Жалпы ережелер

  1. Емтиханға тек қана пәнге тіркелген және тіркелгеннен кейін шығып кетпеген студенттер, сондай-ақ қаржылай және академиялық қарыздары жоқ студенттер ғана жіберіледі (Қаржы кеңесі тарапынан рұқсат етілген студенттер).
  2. Емтихандар бекітілген кесте бойынша (сол күні/сол уақытта) жүргізіледі. Факультет/мектеп шешімі негізінде демалыс/мереке күндері емтихан қоюға рұқсат.
  3. ЖББП (ООД) пәндері университет бойынша белгіленген күндері өткізіледі.
  4. Бір күнде бір ғана емтихан өткізуге рұқсат. (Ретейк немесе айырмашылық пәні бар білімгерлерлерді есептемегенде)  Ретейк немесе пән айырмашылығы бойынша емтихан күні негізгі емтихан күнімен сәйкес келген жағдайда білімгерлер өтінішті  алдымен пән оқытушысына және де факультет әкімшілігіне жаза алады.   
  5. Емтихан өткізу платформасы (Moodle/Classroom/Webex және тб.), өткізу нысаны (ауызша/жазбаша/кейс/жоба және тб.), емтихан парағының шаблоны, емтихан уақыты, сұрақ санын белгілеу факультет/мектеп құзыреттілігінде. Whatsapp, messenger және тағы сол сияқты әлеуметтік желілерде емтихан өткізуге рұқсат етілмейді.
  • кейбір студенттердің интернет желісіне қолжетімсіз болғанын ескеріп Университет әкімшілігі емтиханның қашықтықтан оффлайн формасын қолдайды.
  1. Емтихан барысында білімгер академиялық адалдық ережесін сақтауға міндетті.
  1. Техникалық ақаулықтарға байланысты емтихан жаза алмаған/толық аяқтай алмаған білімгер 1 жұмыс күні ішінде қайта тапсыруға өтініш беруіне болады.  Білімгерлер өтінішті  алдымен пән оқытушысына және де факультет әкімшілігіне жаза алады.   
  2. Факультет/мектеп тарапынан анықталған интернеті жоқ білімгерлерден  емтихан қабылдау үдерісін ұйымдастыру факультет/мектеп жауапкершілігінде. 
  • «Incomplete» бағасы қойылса болады. Білімгер өтініш жазады – факультет қарастырып шешім шығарады (оң шешім шыққан жағдайда пән оқытушысы тарапынан порталға “Incomplete” бағасы қойылады). Емтихан тапсырылған соң факультет шешімі негізінде (ақысыз) БҚКО тарапынан порталға тиісті бағасы қойылады. 
  1. Пән оқытушысы емтихандағы бағалау талаптарын айқындап білімгерлерді алдын-ала ақпараттандыру керек. 
  2. Аппеляция өтініштері білімгер тарапынан факультет/мектеп әкімшілігіне жазылады. 

 

* Аралық атестаттау ұйымдастыру барысында оқытушылар мен білімгерлерде кездесетін акалемиялық және техникалық мәселелерге байланысты факультет/мектептерге әр пән бойынша емтихан түрлерін талқылау және шешу ұсынылды. Факультеттер емтихан нысандары бойынша төменде келтірілген кестеге жүгіне алады. Оқытушыларға қажетті жағдайда онлайн-прокторинг платформасы ұсынылады, ал turn-it-in жүйесі жазбаша емтихандарға пайдаланылуы тиіс.

Ұсынылатын емтихан нысандары

 

Емтихан нысаны

Сипаттама

Ұсынылатын платформа

1

Тест (жауап нұсқалары берілген)

 

Тест сапалық және сандық дара ерекшеліктеріне сай түрде негізделген стандартталған, қысқа, уақыт жағынан шектеулі сынақтар. Тесттің тиімділігі: оқытудың объективті нәтижесін алу мүмкіндігі, кері байланыстың жылдамдығы, оқытудың нәтижесін тексеру әдісінің көптүрлілігі, оқытудың нәтижесінің статистикасын алу ыңғайлылығы.

MOODLE, Google forms және т.б.

2

Қысқа жауап

Емтиханның бұл түрі бір абзацқа дейінгі ұзындықтағы жауаптарды талап ететін көптеген сұрақтардан тұрады. Сұрақтар тестілеу мақсатына (есте сақтау қабілеті, терминдерді қолдану және т.б.) қарай өзгеруі мүмкін.

MOODLE, Google forms және т.б.

3

Эссе жазу

Дәрісте қамтылған тақырыптық бөлімдерге бөлінген бірқатар сұрақтар болып табылады. Эссе қойылған мәселенін нақты мазмұнын көрсетеді. Эссе өз ойын нақты және сауатты тұжырымдауына көмектеседі.

MOODLE, Google forms және т.б.

4

«Ашық кітап» (Open Book)

Білімгерлерге конспекттерді, кітаптарды немесе басқа да анықтамалық материалдарды әкелуге және пайдалануға рұқсат етіледі. Емтиханның осы түрінің басты мақсаты студенттердің білгенін, сондай-ақ олардың білімдерін пайдалануын тексеру болып табылады.

MOODLE, Google forms және т.б.

5

«Үй емтиханы»

(Take Home)

Емтиханның бұл түрі эссе емтихандарына ұқсас форматта тек бұл емтихан үйде өтеді. Емтихан әдетте студенттерге онлайн түрде емтиханға аз уақыт қалғанда (мысалы 24-48 сағат бұрын)  тапсырма беріледі.

MOODLE, Google forms және т.б.

6

Ғылыми зерттеулер, курстық жұмыстар, жобалар, есептер

Ғылыми зерттеу, курстық жұмыс, жоба және есепт тақырыптары білімгерге алдын-ала беріледі.  Пән оқытушысы осы жұмыстарды орындау және тапсыру нұсқаулығын мен бағалау критерийлерін алдын ала білімгерге ұсыну қажет.

MOODLE, Google forms, E-mail және т.б.

7

Кредиттерді қайта санау

(Сертификат)

Білімгерлер пән оқытушысының ұсынысы бойынша Coursera for campus каталогынан курстарға қатыса алады.  Курсты табысты аяқтаған білімгер сертификат көшірмесін ұсына алады, пән оқытушысы сертификатты Coursera сайтында тексере алады.

Coursera for campus

8

Ауызша емтихан

(аса ұсынылмайды)

Ауызша емтихандар білімгердің осы пән қамтитын негізгі ұғымдарды, теориялар мен идеяларды ауызша айтып беру қабілетін тексере алады.

Webex және т.б.

9

Өзге де түрлері

 

 

 

 

 

На карту Халык банка

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: