1-қазан күні СДУ студенттері Варшава университетінің «Құқық және басқару» факультетінің Шығыс Еуропа және Орталық-Азия зерттеулер орталығының директоры, Джерси қаласындағы заң институтының профессоры Ярослав Турлуковскиймен кездесті. Ярослав студенттерге Джерси аралында Британдық білім алу мүмкіндігін түсіндіріп, осы аспектіге қатысты барлық сұрақтарға жауап берді. Варшава облыстық сотында посткеңестік кеңістіктегі азаматтық құқық мәселелері бойынша сарапшы ретінде қысқаша шолу жасады.
