Қызметтеріміз

Қызметтеріміз

Шетелдік студенттер

Шетелдік студент жыл бойы кез-келген уақытта университетіміздің академиялық бағдарламаларына құжат тапсыра алады.

Алайда, үміткер нақты семестрге тапсыру үшін Қабылдау комиссиясы белгілеген мерзімге назар аударуы керек.

Үміткер оқуға түсу процесі туралы барлық сұрақтарын Қабылдау комиссиясына жіберулері керек.

Орта білімі бар (Жоғары мектепті бітірген) үміткерлерге қажет құжаттар тізімі:

  • Өтініш формасы (онлайн толтырылады)
  • Паспорт немесе Жеке куәлік көшірмесі 
  • JPEG форматындағы суреті 
  • Мектепті бітіргені туралы аттестат (оригинал)
  • Медициналық құжаттар 
  • Мүмкін болса: Ағылшын тілінен Халықаралық тесттердің нәтижелері (IELTS, TOEFL, CambridgeEnglishExam, т.б.)
  • Үміткерлер өздері маңызды деп санайтын кез-келген басқа құжаттарды, мысалы, ұлттық және халықаралық сертификаттардың көшірмелері, марапаттар мен құрмет грамоталары, (бұл құжаттардың берілген күні өтініш беру күніне дейін үш жылдан аспауы тиіс) жіберулеріне болады.

Маңызды: Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шет тілдерінде берілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі куәландырылған аудармасы болуы керек. Кейбір жағдайларда Қабылдау комиссиясы үміткерден қосымша құжаттарды талап етуі мүмкін, мысалы: диплом берген оқу орнының лицензиясы; оқу орнының аттестаттауды және аккредиттеуді растайтын құжат; дәрежесін, мамандығы немесе дипломын растау.

Толық толтырылмаған өтінімдер қабылдау процедурасының кешігуіне және өтінішті қабылдау немесе қабылдамау туралы шешімге әсер етуі мүмкін.
Берілген ақпарат жалған немесе қатеболса, Университет өтінішті қабылдамайды. Мұндай жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Қабылдау комиссиясы өтінішті құқық қорғау органдарының қарауына жіберуге құқылы.

ҚАБЫЛДАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

  1. Орта білім туралы құжат – Аттестат (диплом).Орта мектепті немесе кәсіптік-техникалық лицейді, колледжді бітіргені туралы аттестат/диплом (түпнұсқа).
  2. Ағылшын тілі сертификаты
  3. Онлайн сұхбаттан өту

Қазақстан Республикасы Лиссабондық конвенцияға қол қойған, яғни елімізде оқуды қалайтын шетелдік үміткерлердің біліктілігі туралы құжаттардың күші бар. Лиссабондық конвенция туралы қосымша ақпарат алу үшін мына сілтемеге өтіңіз:

СДУ әлемнің әр түпкірінен келген студенттерді қабылдауға дайын. Университетке түсетін үміткердің шетелдік сертификат немесе дипломы бірінші семестрде нострификация рәсімінен өтуі керек: бұл Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 39-бабына сәйкес талап етіледі.

СДУ студенттерге нострификация процедурасы бойынша кеңестер мен қолдау көрсетуге дайын. Дегенмен, университет сертификат немесе дипломның нострификациядан өтуіне кепілдік бермейді. Болон процесі және Академиялық ұтқырлық орталығы нострификация жасамаған жағдайда студенттің алдында ешқандай жауапкершілік алмайды.

 

1 қадам:

Келесі құжаттарды алып келіңіз/сұратыңыз:

  • Апостиль қойылған немесе заңдастырылған дипломның түпнұсқасы және оған қосымша / транскрипт
  • Тегіңіз өзгерген болса, соны растайтын құжат 

*1993 жылғы 22 тамыздағы Минск конвенциясына сәйкес ТМД елдерінде (Грузияны қоспағанда) алынған академиялық құжаттар апостиль жасау мен заңдастыруды қажет етпейді.

2 қадам:

Келесі құжаттарды мемлекеттік немесе орыс тіліне аударып, жергілікті нотариуста нотариалды куәландіруден өткізіңіз:

  • Апостильденген немесе заңдастырылған дипломның түпнұсқасы мен қосымшасы/транскрипт.  
  • Паспортыңыздың көшірмесі (шетел азаматтары үшін 2 көшірме) 
  • Тегіңіз өзгерген болса, соны растайтын құжат

3 қадам:

  • Нострификация жарнасын төлеңіз 
  • Жоғарғы және жоғарғыдан кейінгі білім туралы құжаттар үшін 10 АЕК* 
  • Техникалық немесе кәсіптік білім туралы құжаттар үшін 8 АЕК 
  • Орта және жоғарғы орта білім туралы құжаттар үшін 6 АЕК

RGP “CBP&AM” MON RK
RTN 62020025636
BIN 050640004360
IIC KZ236010111000227192
AO Halyk Bank
JSC BIC HSBKKZKX
Kbe 16

4 қадам:

Жеке идентификациялық нөміріңізді рәсімдеңіз (шетел азаматтары үшін).

Құжаттарды нострификацияға тапсырудың алдында шетелдік студенттер міндетті түрде жеке идентицикациялық нөмірді алуы керек. Оны алу үшін студент паспортының нотариалды куәландырылған кһаудармасын Халыққа Қызмет Көрсету Орталығына әкелуі тиіс.

5 қадам:

Келесі құжаттардың барлығын Қалыққа Қызмет Көрсету Орталығына әкеліп тапсырыңыз:

  • Мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған, нотариалды куәландырылған диплом мен оның қосымшасы/транскрипт. 
  • Мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған, нотариалды куәландырылғанстуденттің паспорты 
  • Тегіңіз өзгерген болса, соны растайтын құжат (шет тілінде болса, оның мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған, нотариалды куәландырылған көшірмесі) 
  • Жарнаның төленгені туралы түбіртек 
  • Құжаттарды тапсыру үшін толтырылған өтінім. 
  • Құжаттарға арналған папка

6 қадам:

Құжаттарыңызды нострификацияға тапсырғаныңыз туралы құжатты  алып, оны СДУ Қабылдау комиссиясына өткізіңіз.

7 қадам:

Халыққа Қызмет Көрсету Орталығынан дипломды нострификациялау процедурасының нәтижесін алып (ең ұзақ 3 айда дайын болады), СДУ Қабылдау комиссиясына өткізіңіз.

СДУға келетін шетел азаматтарының ЖСН алу процедурасы.

  1. Университетте оқып жатқаныңыз туралы анықтаманы алу үшін СДУ-дің Студенттерге қызмет көрсету орталығына (Студенттік бөлімге) хабарласыңыз (анықтамалықүлгілерді көру үшін хабарландыру тақтасын қараңыз).
  2. Паспортыңызды мемлекеттік немесе орыс тіліне аудару үшін жергілікті нотариусқа хабарласуыңыз қажет (Қаскелеңдегі нотариустың мекен-жайлары: Қарасай батыр көшесі 2 (бұрынғы Пушкин) Ақ мешіттің жанында. Телефон номерлері: +7 727 371 47 29
  3. Қаскелең қаласындағы Қарасай ауданының салық департаментінде керекті формаларды толтырып, сол жердегі қажет терезеге тапсырасыз (Салық департаментінің мекен жайы: Қаскелең қаласы, Тәуелсіздің көшесі 54А, Орталық базардың жанында, Телефон нөмірлері: +7 (72771) 2 17 55 ,2 15 31).

Назар аударыңыз! ҚАСКЕЛЕҢ ҚАЛАСЫНДА КЕРЕКТІ ЖЕРГЕ ЖЕТКІЗЕТІН ТАКСИ ҚЫЗМЕТІ БАР (такси қызметі тек қазақ және орыс тілдерінде) Телефон нөмірі: +7 701 232 00 88.

Халықаралық студенттерге арналған анықтамалық

Студенттерге арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы

Академилық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға келетін студенттердің оқуын ұйымдастыру саясаты:

  1. Алмасу бағдарламасымен келген студентті өз оқу орны тағайындайды, және серіктес оқу орны қабылдауы керек. Алмасу бағдарламасы бойынша келген әр студент өзі оқуға баратын факультет және бағдарлама талаптарына, сондай-ақ  курстарға қажет пререквизиттер бойынша сәйкес білімі болуы қажет. 

  2. Алмасу бағдарламасы бойынша оқитын студенттер саны тек серіктестердің өзара келісімі бойынша шектеледі.
  3. Алмасу бағдарламаларына үміткер студент келесі жалпылама критерийлерге сәйкес болуы қажет:

      • Өз университетінде толыққанды студент болуы 
      • GPA көрсеткіші 2.75-тен жоғары
      • Ағылшын тілін жетік деңгейде меңгерген (IELTS 6.0). Өз университетінде оқыту тілі ағылшын болса, халықаралық бөлімнен/факультеттен хат немесе университет әкімшілігінен хат
  1. Алмасу бағдарламасымен оқитын әр студент өз университетінің алмасу тәртібін сақтауы тиіс. Ол қабылдап алатын университетте оқу ақысын, өтінім жарнасын, тіркеу жарнасын төлеуден босатылады,бірақ келесі шығындарды өз қалтасынан көтеруі тиіс:
      • Медициналық сақтандыру мен емделу шығындары
      • Бару/келу жол шығыны 
      • Тұрғылықты жері мен тамағы
      • Виза шығындары
      • Сабаққа қажет материалдар алу 
      • Студенттік үйірмелерге қатысу (келісімшартта көрсетілмеген болса)
      • Шетелде тұрған кезде болуы мүмкін шығындардың барлығы.
  1. Алмасу бағдарламасына тек күндізгі бөлім (full time) студенттері ғана қатыса алады.
  2. Алмасу бағдарламасына қатысушы студенттер өздерінің оқу бағдарламасын алдын-ала дайындайды, және оны Оқу туралы Келісімшартты толтырған кезде көрсетеді.
  3. Алмасу бағдарламасына қатысушы студенттер қабылдаушы Жоғарға оқу орны мен сол мемлекеттің барлық заңдары мен ережелеріне бағынуы тиіс.
  4. Қабылдаушы жоғарғы оқу орындары алмасу бағдарламасымен оқитын студенттің бағаларын/транскриптерін студентті жіберген университетке тегін әрі уақтылы жіберуі тиіс.

СДУ-ға келетін алмасу бағдарламасына қатысушы студентті серіктес университет ұсынады. Ол үшін серіктес университеттің өкілі келесі құжаттарды жіберуі керек:

– Студенттің паспортының сканерленген көшірмесі.
– Түсті фото (3х4 паспорт өлшемінде)
– Ресми транскрипттің сканерленген көшірмесі (түпнұсқасын студенттің өзі келген кезде тапсыруы керек)
– Қажет болған жағдайда жатақханадағы орынға өтініш
– Ағылшын тілін меңгеру деңгейі туралы құжат (университеттен хат, IELTS 6.0 деңгейінде сертификат)

Күзгі семестрге оқуға келу үшін өтінімді Сәуірдің соңына дейін, ал Көктемгі семестрге келу үшін Қазан айының соңына дейін толтыру керек.

Келер алдында:

СДУ Халықаралық қатынастар офисінен қабылдау туралы хатты алыңыз. Виза қажет болған жағдайда келесі құжаттарды дайындаңыз:

– Паспорттың сканерленген көшірмесі
– Үй мекен-жайы туралы анықтама 
– Сіз визаға құжат тапсыратын қала 

Арнайы нөмірі көрсетілген Шақыру хатын алып, сол хатпен өз еліңізден визаға тапсырыс беріңіз.

Екіжақты келісімде көрсетілген болса, СДУ серіктес университеттен келетін студенттерге жатақханадан орын дайындайды.

Келгеннен кейін орналастыру саясаты:

Алмасу бағдарламасымен келетін студенттердің координаторынан қажетті құжаттар тізімін алыңыз. Координаторға өзіңіз әкелген сертификаттар мен дипломдарды тапсырыңыз.  

Виза бойынша координаторға келесі құжаттарды дайындап тапсырыңыз:

  • Паспорттың көшірмесі;
  • Көші-қон картаңызды;
  • Паспорттық суреттің (3х4) 2 данасы;
  • Тұрғылықты мекен жайыңызды 

Университет кампусындағы компьютерлерге және   Wi-Fi–ға қосылу үшін қолданушы атыңыз бен құпиясөзді координатордан алыңыз;
Студенттік билет пен Студенттік Кітапхана абонементін алу үшін төмендегі құжаттарды тапсырыңыз: 

  • Паспортыңыздың көшірмесі 
  • 3*4 өлшетдегі суретіңіз 

Түсіндірме сессиясына қатысыңыз (Университет күнтізбесінен қараңыз)

Add/drop уақыты кезінде жаңа курстарға тіркеліп, олардан бас тарта аласыз. 

Алмасу бағдарламасымен келген студенттердің жиі қоятын сұрақтары

Сіздің кандидатураңызды өзіңіздің университетіңіз таңдауы керек. Университетіңіз Халықаралық қатынастар офисінің iro@sdu.edu.kz электронды адресіне әр академиялық семестрге көрсетілген уақытқа сай хат жіберуі тиіс.

Бқл ақпаратты алу үшін Алмасу бағдарламасымен келетін студенттің өтінімі  бөліміне өтіңіз.

Оқу туралы шартқа, яғни СДУдағы оқу жоспарына қол қойылып, мақұлданғаннан кейін құжаттарыңыздың көшірмесін iro@sdu.edu.kz электронды почтасына жіберуіңізді сұраймыз. Оған қоса, құжаттарыңыздың түпнұсқасын пошта арқылы Оқу туралы келісімшартпен бірге басқа да құжаттарыңызды пошта арқылы жібергеніңіз жөн. 

Мекен-жайымыз:
1/1 Абылай хан көш., Қаскелең қаласы
Алматы облысы, 040900
Қазақстан Республикасы
Халықаралық қатынастар офисі 

Оқу туралы келісімшарт алдымен өзіңіздің Университет басшылығымен қол қойылып, мөр басылуы тиіс. Құжаттың түпнұсқасы Халықаралық қатынастар офисіне жіберілуі керек.

Академиялық ұтқырлық алмасу бағдарламасымен оқуға келетін студенттердің барлығы оқытылатын бағдарламаның талаптарына сай ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын құжаты болуы керек.

Жоқ. СДУ алмасу бағдарламасымен оқуға келген студенттерге қаржылай көмек көрсетпейді.

Өтінімдерді қабылдау

Сіздің өтінім құжаттарыңызды қабылдаған соң СДУ Халықаралық қатынастар офисі оларды тиісті академиялық департаменттерге жібереді.  Өтінімді қарастыру уақыты әр департаментте әртүрлі уақыт алады. Департаменттің шешімі нақтыланған соң сіздің электронды поштаңызға хабарлама жіберіледі. Егер сізге шақыру хатының түпнұсқасы қажет болса, ол туралы Халықаралық қатынастар офисінің бас маманына хабарласыңыз. Егер сіздің өтінім қабылданбаса, қабылданбағаны туралы хабардар боласыз.

Иә, Сулейман Демирель атындағы Университеттің жатақханасында қазақстандық, шетелдік және алмасу бағдарламаларымен оқитын студенттер тұра алады. Бос орындар жатақханаға келіп түсетін өтінімдерге байланысты.

Біздің университеттің негізгі бағдарламалары қазақ және ағылшын тілдерінде оқытылады. Кейбір білім бағдарламалары екі тілде оқытылады: бірі толық ағылшын, бірі толық қазақ тілінде. Оқу барысында таңдалған тілді қолдану әр оқытушының міндеті.

Иә. СДУ да әртүрлі студенттік клубтар бар. Солардың ішінде қалаған клубқа мүше бола аласыз. Университетіміз студенттердің онлай шараларға қатысуын әрдайым қолдайды.

Бұл туралы білу үшін өз университетіңізге хабарласып нақтылауыңыз керек.

Алмасу бағдарламасымен сыртқа оқуға кететін студенттер

Студенттік алмасу бағдарламалары университеттер арасындағы екіжақты келісімнің негізінде жүзеге асады. Бағдарламаның артықшылығы – өз университетіңізде оқу ақысын төлегендіктен, шетел университетінде оқу ақысын төлемейсіз. Алайда кейбір жағдайда бұл ереже қолданбайды. Халықаралық алмасу бағдарламасы студенттердің шетелдік университеттерде оқуына, өзге елдің тарихы мен мәдениетін тануына мүмкіндік береді.

Алмасу бағдарламалары студенттердік академиялық және әлеуметтік тәжірибесін кеңейтіп, СДУдың шетелдік жоғары оқу орындарымен қатынасының өсуіне мүмкіндік береді. Университетіміздің кампусында алмасу бағдарламалары бойынша оқитын шетелдік студенттердің болғаны студенттеріміздің әртарапты дамуына, халықаралық деңгейде білім алу мүмкіндінігің ашық екенін көрсетеді.

Алмасу бағдарламасымен оқуға ниетті студент келесі критерийлерге сай болуы керек:

  • 2-3 курс студенті болуы;
  • GPA көрсеткішінің жоғары болуы;
  • 18 жастан асқан:
  • Ағылшын тілін жетік меңгерген;
  • Сотталмаған\әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған

Өтінім тапсыру 

  • Факультетке өтінім тапсыру
  • Ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтайтын тест;
  • Халықаралық қатынастар офисіне өтінім;
  • Қажетті құжаттарды Халықаралық қатынастар офисіне тапсыру;
  • Шетелдік университеттен қабылданғаны туралы хат;
  • Виза мәселелері;
  • Шетелдік университетте оқуды бастай аласыз.

 

 

Erasmus Plus Халықаралық кредиттік ұтқырлық бағдарламасы Erasmus + бағдарламасының білім беруді, жастар мен спортты қолдаудың  бірінші кезектегі бағдарламасы.  Erasmus + ICM бағдарламасы Еуропалық Одақ елдері университеттері мен Эразмус + серіктес елдердің университеттері арасында академиялық алмасуды қаржыландырады. 2014 жылдан бастап СДУ Халықаралық қатынастар офисі Эразмус + Халықаралық мобильділік кредиттік ұтқырлық бағдарламасы арқылы Еуропалық Одақтағы жоғары оқу орындарымен академиялық ұтқырлықты қаржыландыруға 40-тан астам өтінім жіберіп жеңіп алды. Бағдарламаны Еуропалық Комиссия қаржыландырады.

СДУ студенттері академиялық алмасу бағдарламасына қатысып 3-10 айға дейін көлік және тұру шығындарын жартылай өтейтін қаржылық қолдау алуға мүмкіндігі бар. Студенттер алмасу бағдарламасы бойынша Курстарды ауыстыру және Төлем саясатын, сондай-ақ алмасу бағдарламасының басқа ішкі ережелерін сақтаулары тиіс.

 

Бағдарламаға қатысу үшін: Бакалавриатта өтінім беру уақытында кредит саны 30-100 жеткен, магистратурада кредит саны 15-ке жеткен; Еуропалық Одақ территориясында тұрақтауы соңғы 5 жылдың ішінде 12 айдан аспауы керек; қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік жазаға тартылмаған күндізгі бөлім (full-time) студенттері бағдарламаға қатысуға өтінім бере алады. 

 

СДУ өтінімдерді қабылдау крийтерийлері (таңдауды профессорлық-оқытушы құрамнан 3-5 адам жасайды):
Алмасу бағдарламасының негізгі таңдау критерийлерінен бөлек сырттан қаржылай көмекті қажет ететін бағдарламаларға бәсекелестік үлкен, сондықтан таңдау критерийлері де қатаң. Олардың ішінде негізгі критерийлер: 

  • 30-100 кредит жинаған бакалавриаттың күндізгі бөлім (full-time) студенттері;
    • 15 кредит жинаған магистратура мен докторантураның күндізгі бөлім (full-time) студенттері;
    • GPA көрсеткіші жоғары болуы (кемінде 3,7);
    • мотивациясы;
    • халықаралық алмасу бағдарламаларынан көмек алмаған, әрі СДУда 100% грантта оқымайтын студенттерге басымдық беріледі;
    • арнайы қажеттіліктері бар студенттерге (арнайы қажеттіліктері бар/жетім/көпбалалы отбасылардан, этникалық топтардан, босқын,дискриминацияланған) басымдық беріледі.

Халықаралық қатынастар офисі өтінімдер туралы хабарламаны электронды пошта арқылы, брошюралар мен ақпараттық тақталарда, университет вебсайтында береді. Ақпаратта алмасу бағдарламасына сәйкес серіктес университеттердің тізімі, бос орындар саны мен қажетті құжаттар тізімі көрсетіледі.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • Транскрипт
  • Мотивациялық эссе
  • Паспорттың көшірмесі
  • СДУда оқыған уақытта сабақтан тыс әлеуметтік өмірдегі белсенділігі туралы анықтамалық құжаттар 
  • Арнайы қажеттілігі бар студент екеніңізді растайтын құжат 

 

Егер студент барлық гранттық талаптарға жауап берсе, әрі серіктес мекеме сіздің академиялық біліміне (мамандық, сала), оқу деңгейіне (магистратура, бакалавриат) сәйкес болса, студенттерге халықаралық алмасу үшін сыртқы гранттарға өтінім беруге кеңес береміз. 

Іріктелген кандидаттар тізімі соңғы таңдау үшін серіктес университетке жіберіледі.
Бұл кезекте, серіктес университеттің өз таңдау критерийлері болады. Оларға: GPA көрсеткіші, ағылшын тілін меңгеру деңгейі (сұхбат/IELTS), мұғалімдердің ұсыныс хаттары; үміткерлер пәндер көрсетілген Оқу туралы келісімшартты СДУға қайта ауысқан кезде көрсетуі тиіс. 

Бағдарламаға қатысушы студенттер СДУға төленетін барлық оқу төлемдерін өткізуі тиіс. Қатысушылар тұрғылықты орнына байланысты шығындарды өтейтін грант тағайындалады, оның көлемі серіктес университет орналасқан ел мен оқу уақытына байланысты. Студен грантты серіктес университетке жеткен соң бірнеше кезеңде алады. Бір бөлігі көлік пен жол шығындарына беріледі, оның көлемі екі мемлекеттің ара-қашықтығына байланысты. Алайда, грант жол шығыныңызды түгелдей қамтымауы мүмкін. Қатысушылар серіктес университетпен Оқу туралы келісімшартқа қол қояды. Грант қаражатын басқару, қажетті медициналық сақтандыруды рәсімдеу, кітаптар мен оқу құралдарын сатып алу, виза/студенттік/тұрғылықты орын шығындарын көтеру, депозиттер т.б.жауапкершілік толықтай студенттің мойнында. Кей серіктестер виза шығындарын көтеруі мүмкін, бірақ бұл мәселені серіктес университетпен алдын-ала келіскен жөн. Қатысушылардың барлығына қаражат шығындарын жоспарлап, шығындарды алдын-ала ескеру керек екенін ескертеміз, бұл әсіресе алғашқы бірнеше айда маңызды болмақ.

Сулейман Демирель атындағы Университет әлемнің әйгілі университеттерімен бірге мықты қос диплом бағдарламаларын құруда жұмыс жасайды. Бұл бағдарламалар бір уақытта екі университеттің дипломын алуға мүмкіндік береді: бірі – СДУ дипломы, екіншісі – серіктес университет дипломы. Бұл бағдарламалардың принципі – сабақтардың жартысы СДУ-да, қалған жартысы серіктес университетте оқытылады, кредиттері екі университетте де есептеледі. Сабақтардың барлығы ағылшан тілінде оқытылады. Оқу ақысы сол уақытта оқып жатқан университетке төленеді. Әдетте қосдипломды бағдарламаларға орын саны шектеулі, әрі бәсеке үлкен. Қосдипломды бағдарламаның түлектері еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие болады, олардың Қазақстанда да шетелде де жұмыс жасауына жол ашылады. 

Бүгінде СДУ-дың Collegium Civitas  университетімен 1+1 қосдипломды бағдарламасы бар. Ол Менеджмент мамандығының Магистратура студенттеріне ашық. 

Бағдарлама туралы толық ақпаратты iro@sdu.edu.kz электронды поштасы арқылы сұрата аласыз. 

Оқытушылар үшін академиялық ұтқырлық

SDU ғылыми-зерттеу және оқытушылық қызметке қызығушылық танытқан басқа мекемелердің профессорлары мен оқытушыларымен жұмыс жасауға әрқашан дайын.

СДУ-ға келуші оқытушылар мен ғылыми қызметкерлерге түрлі зерттеу, оқыту және халықаралық білім алмасу мүмкіндіктерін ұсынады.

Өтініміңізді қалдыру үшін келесі құжаттарыңызды өткізе аласыз: 

  1. Резюмеңізді (CV)
  2. Ғылыми зерттеу жұмысыңыздың тақырыбы
  3. Зерттеу жұмысы туралы ұсыным 
  4. Ілеспе хат 
  5. Оқытушылар үшін ұтқырлық бағдарламасы әр факультетте жеке-жеке қарастырылады. Өтінімдерді әр факультеттің деканы мен кафедра меңгерушісі қабылдап, таңдайды.
  6. Келердің алдында оқытушылар тұрғылықты орын, трансфер, көлік, Қазақстандағы туристік орындар, виза, басқа да мәселелер бойынша нұсқаулықпен таныса алады. 

СДУ өз қызметкерлері мен оқытушы-профессорларға әлем бойынша серіктес университеттерде білімін шыңдап, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге, әрі халықаралық академиялық ортада жұмыс істеуге бірқатар мүмкіндіктер ұсынады.

СДУ ұйымдастыратын халықаралық алмасу бағдарламаларына  қатысушы Оқытушы немесе ғылыми қызметкерлер факультет декандары мен кафедра басшыларының мақұлдауымен іріктеледі. 

Erasmus+ Еуропалық Одақтың Білім, Жастар және Спортты дамыту бағдарламасы 2014 жылы іске қосылып, 2020 жылға дейін жалғасын табуда. Erasmus+ бағдарламасы Еуропалық Одақтың көмегімен жоғарғы оқу орындарының оқытушы және әкімшілік қызметкерлеріне мүмкіндіктер ұсынады. Кәсіби дайындықтан өту мүмкіндігі СДУ-да жұмыс істейтін оқытушы және оқытушы емес қызметкерлерге қолжетімді. 

Бағдарламаға қызығушылығы бар қызметкерлер өтінімді тапсырған кезде қабылдаушы университеттегі жұмыс бағдарламасын мақұлдап алуы керек, ал Ұтқырлық/Алмасу туралы келісімшартқа алмасу уақыты басталмастан бұрын 3 тараптан қол қойылады: қатысушы, қабылдаушы университет және жіберуші университет. Оқытушылардың алмасу бағдарламасы бойынша қатысушы аптасына 8 сағат дәріс оқуы міндетті.   

Мевлана алмасу бағдарламасы СДУ жәнеТүркиядағы серіктес университеттерінің оқытушыларына 1-6 апта аралығында өзара академиялық ұтқырлықты жүзеге асыруда қолдау көрсетеді.

Мевлана стипендиясы профессорлық-оқытушылық құрамның жол шығындарын өтеп, қатысушының профессорлық дәрежесіне байланысты1 аптадан 3 айға дейін зерттеу жұмыстары және дәріс оқуын грантпен қамтамасыз етеді. 

Бағдарлама туралы толық ақпаратты мына сілтемеден таба аласыз. 

Өтінімдер туралы толық ақпаратты Халықаралық қатынастар офисінің бас маманына жолдауыңызды сұраймыз. 

Виза туралы

СДУ-ға оқуға келген шетелдік азаматтардың паспортын тіркеу тәртібі: 

  1. Алматы қаласы әуежайында немесе шекарада кеденнен өткен соң студент міндетті түрде 1 жұмыс күнінен кешікпей  Халықаралық қатынастар офисіне (Е110 кеңсе) келіп, Виза координаторы немесе ассистентке барлық тіркеу құжаттарын тапсыруы керек.  
  2. Қажетті құжаттар: паспорт, Кеден қызметкерлері берген миграциялық көші-қон картасы.
  3. Студенттік визамен келген студенттерге көші-қон департаментіне 1 жұмыс күнінің ішінде хабарлама берілуі тиіс. 
  4. Визасыз келген студенттерге 2 жұмыс күнінің ішінде тіркеуге тұру міндетті.
  5. Виза координаторына немесе оның көмекшісіне тіркелу мерзімдері, заңдылығы және стандарттары сақталмаған жағдайда, студент тарапынан заңбұзушылық болған жағдайда ол тәртіптік кеңеске жіберіледі, кеңестіңшешіміменстудентуниверситеттеншығарылады.
  6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҚазақстанРеспубликасыныңӘкімшілік кодексінің 517-бабына сәйкес елде тұру мерзімі бұзылған жағдайда студентке 15-тен 20 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Айыппұлды студенттің өзі өтеуі тиіс, одан бөлек10 күнге дейін қамауға алынуы және депортацияға жіберілуі мүмкін. 

 

FAQ

Question? Contact us! infomatrix@sdu.edu.kz

Since Infomatrix Asia is an international project competition and current lingua franca is English language, we decided that everything(documentation, presentation, submission) will be in English.

Starting from this year, participation doesn’t give opportunity get max at ENT.

All participants who study at secondary school must participate with their supervisors. Due to the security concerns of the participants.

Mail to infomatrx@sdu.edu.kz (Only technical questions)

Look carefully at category requirements, but common thing is: great presentation, clear documentation, completed project, short video demonstrating your knowledge of English Participants from Kazakhstan should have participated on regional, city, republic project competitions before.

Infomatrix Asia is an independent competition. Therefore, you are free to submit your project to any other competitions.

The participation fee is a required fixed cost that covers: transportation, medals, t-shirts, certificates, food, lodging and so on…

Accomodation

We are inviting participants to stay in our comfortable and modern “Student House” located on the territory of SDU.

The student house of Suleyman Demirel University offers students not only accommodation and meals on the territory of the Smart Campus during their studies, but also the opportunity to improve their social skills and strengthen international relationships.

Do you need help? Contact us!  infomatrix@sdu.edu.kz

Бонус ұпай қалай жинауға болады?

Қатысушылардың Instagram желісіндегі парақшасында SPT олимпиадасы туралы қызықты әрі креатив пост жариялау арқылы 1-ден 5-ке дейін бонус ұпайға ие болу мүмкіндігі бар. Пост сурет, мәтін немесе видео сияқты кез келген форматта бола алады.

Шығармашылық шектеу жоқ, қиялыңа ерік бер!
Арманыңды жаз, әңгіме құрастыр, видео түсір, достарыңа мотивация бер,  оларды да қатысуға шақыр!

Бұл – тіпті қосымша 0,5 ұпайдың грант иесі атануда шешуші рөл атқара алатын тұсы. Сондықтан мұндай тамаша мүмкіндікті міндетті түрде пайдалануға кеңес береміз.

Шарттары:

  • Қызықты және креативті пост жариялау (мәтін 50 cөзден кем емес, қатысышының өз атынан жазылады)
  • Cуретте @sdukz белгілеу (tag)
  • Хэштег – #spt2020 #sdukz
  • Пост соңында аты-жөнін, кластер мен ЖСН соңғы 6 цифрін хэштег арқылы көрсету (мысалы, Ахметов Айбек, #Кластер5, #123456).
  • Қатысушы парақшасы 10 наурызға дейін ашық болуы керек.

*Посттарды олимпиада ұйымдастырушылары былай бағалайды (жалпы ереже):

▫️1 ұпай:
— Пост жарияланған, талаптарға сай;
▫️2 ұпай:
— Мәтіні өте жақсы жазылған пост;
▫️3 ұпай:
— сапалы түсірілген және монтаждалған видео-пост;
▫️4 және 5 ұпай:
— Көп қаралым жинаған, лайк пен комментарий саны көп сапалы пост. 

Алайда баға беруші посттың сапасына көбірек қарайды. Яғни, тек қана мәтінмен-ақ +5 балл алу мүмкіндігі де бар. Немесе керісінше, көп лайк жинаған пост сапасыз болғандықтан 1 ұпай ғана жинауы мүмкін.

Посттар онлайн тіркелу аяқталғанға дейін қабылданады.

Профессорлық-оқытушылар құрамын (профессорларды) қолдау

Ғылыми-зерттеу тағылымдама бағдарламасын қолдау. Профессорлық-оқытушылар құрамы академиялық бағдарламаны әзірлейді және университетте ғылыми зерттеулер жүргізеді. Осы бағдарлама аясында СДУ профессорлық-оқытушылар құрамына шетелде ғылыми зерттеулермен айналысуға мүмкіндік береді. Сіздің қайырмдылық көмегіңіз ұшуға, тұруға және ай сайынғы еңбекақысының 6 айдан 1 жылға дейін өтейді. СДУ сондай-ақ шетелден келген профессорларды жергілікті оқытушылар мен студенттермен өз білімдері мен тәжірибелерін бөлісуге шақырады.
 “Жас маман”бағдарламасын қолдау. “Жас маман” бағдарламасы СДУ үздік түлектерін іріктеу және оқытушылардың ассистенті ретінде академиялық мансабының бастапқы кезеңінде оларға көмек көрсету арқылы университеттің адами капиталын дамытуға бағытталған. Жас мамандар шетелде докторлық дәреже алуға және беделді университеттерде бай ғылыми зерттеу тәжірибесін алуға ынталандырылады. Оқытушылардың ассистенттері профессорлық-оқытушылық құрамнан стипендиялар мен кәсіби кеңестер алады.

Университетті қолдау

СДУ кампусы студенттердің білім беру және сауықтыру іс-шараларын өткізу үшін орталық орын болып табылады. Университет жаңа объектілерді салу және бар объектілерді елеулі жаңарту жолымен өзінің базалық инфрақұрылымын жаңартуға ұмтылады. Бұл ғимараттар, жолдар, коммуналдық қызметтер, аумақтық және ландшафтық дизайн, студенттік тұрғын үй және университет миссиясына толық қолдау көрсету үшін қажетті ақпараттық технологиялар ресурстары кіреді. Сондай-ақ, заманауи кітапханалық ресурстарды және ғылыми-зерттеу мекемелерін, жабдықтар мен технологиялық құралдарды қолдаудың маңызы зор.

Дарынды студенттерді қолдау

Бұл бағдарлама көрнекті студенттерге, олардың әл-ауқатына қарамастан арналған. Бағдарламаға лайықты студенттер белгілі академиялық және әлеуметтік жетістіктерді көрсетуі тиіс. Бұл бағдарлама толық немесе ішінара гранттар беру немесе жатақханалық орын беру арқылы студенттердің кәсіби және жеке дамуына ықпал етуге арналған. Грантты оның барлық әрекет ету мерзімі ішінде сақтау үшін алушы әр семестр белгіленген ең төменгі орташа ұпайға сәйкес келуі тиіс.

Реквизиты

Open chat

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: