Студенттік қор

СДУ студенттік өмірі – бұл тек оқу және машықтану ғана емес, сонымен қатар 28 студенттік клубтар мен зияткерлікті дамыту, ғылыми зерттеулер, шығармашылық, ойын-сауық, мәдениет, өнер және спорт салалары ұйымдарының жұмысы арқылы жан-жақты даму.

Университеттің 2018-2023 жылдарға арналған стратегиялық дамуының маңызды бағыттарының бірі – СДУ студенттері мен түлектеріне еңбек нарығында жоғары сұранысын арттыру және бәсекелестік артықшылығын ұсыну болып табылады. Кез келген ЖОО-ның бәсекелестік артықшылықтары: халықаралық білім беру бағдарламаларының; жұмыс берушілер арасында түлектерге жоғары сұраныстың; сапалы қосымша білімнің болуымен анықталады.

СДУ даму стратегиясына сәйкес студенттерге зияткерлік даму, топтық жұмыс, басқару тәжірибесі, жобалық жұмыстар, коммуникативтік дағдыларды дамыту, тәжірибе және тағылымдама, кампус аумағында және одан тыс жерлерде оқыту мүмкіндіктері сияқты бағыттарды қамтитын білім беру бағдарламаларының кең ауқымы бойынша баға жетпес тәжірибе беріледі. Осы шарттардың барлығы, ең алдымен, университет түлектерінің бәсекеге қабілеттілігінің дамуына әсер етеді.

Студенттік жарна СДУ әлеуметтік жобаларын қолдау және дамытуға арналған. Аталмыш жарна 28 студенттік клубтар мен ұйымдардың жұмысына көмектеседі, олар студенттік өмірге жан-жақты серпіліс әкеледі және студенттерді әлеуметтендіруге әрі пайдалы дағдыларды дамытуға қосымша мүмкіндіктер береді.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңының 63 бабының 3 тармағына сәйкес Сулейман Демирел атындағы Университет ақылы негізде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс қызметтерді ұсынуға құқылы, атап айтқанда:

  • қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру (балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын дамыту, спорт, мәдениет және өнер, мамандардың біліктілігін арттыру);
  • оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс пәндер (пәндер мен пәндер циклі) бойынша жекелеген білімгерлермен қосымша сабақтар ұйымдастыру;
  • пәндер (пәндер мен пәндер циклдері) бойынша ғылым негіздерін тереңдетіп оқытуды ұйымдастыру);
  • әр түрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу: студенттер мен оқушылар, педагогикалық қызметкерлер мен ересек тұрғындар арасында спорттық жарыстар, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сонымен қатар оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу;
  • музыкалық аспаптарды және интернет-байланыстың қосымша қызметтерін пайдалануға ұсыну;
  • жазғы демалысты ұйымдастыру, білім беру ұйымдарында өткізілетін әр түрлі іс-шараларға қатысушы студенттер мен оқушылардың тамақтануын қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы “Заңына сәйкес қосымша білім беру – бұл білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту үрдісі”.

Осылайша, 40 000 (қырық мың) теңге көлеміндегі студенттік жарна СДУ студенттерінің осы қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған. Сулейман Демирел Университеті өз қызметінде ақпараттық ашықтық және  жариялылық және қағидаттарына негізделеді. Төменде Қордың қаржы қаражатын бөлуге қатысты ақпарат және қор арқылы  жүзеге  асырылған жобалар тізімі берілген.

Әлеуметтік істер жөніндегі департаментінің 2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

Іс-шараӨткізілу мерзімі
Welcome party1-ші курста
Түлектер кеші4-ші курста
Наурызжыл сайын
Мансап күні3,4-ші курстарда 2 рет  
Демалыс апталығыжыл сайын
Кәсіби бағдар күні1-ші курста
SDUFest1-ші курста
SDUAwardsжыл сайын
Студенттер арасындағы сартакиадажыл сайын
Биден турнирлержыл сайын
Футболдан турнирлержыл сайын 
Теннистен турнирлержыл сайын 
Баскетболдан турнирлержыл сайын 
Дебат турнирлеріжыл сайын
Спортзал жалдамасыжыл сайын 
Спорттық жабдықтаржыл сайын
Спорт алаңының жасанды жабыныбір жолғы жарна
Спорт алаңының бөлмелерін жабдықтау (киім ауыстыру бөлмелері)бір жолғы жарна

Факультеттермен бірлесіп футбол турнирлері: Ecocup, Lawcup, пикниктер;
тақырыптық іс-шаралар: Маркетондар, Хакатондар және т. б. сынды әлеуметтік іс-шараларды өткізу.

жыл сайын
Жатақхана тұрғындарына арналған: Hangover, Ice Party, Orientation Day, Спартакиада,
8 – наурыз, Жаңа жыл, Welcom After Party; мәдени-ойын-сауық іс-шара Шарын каньондарына, Көлсай көліне саяхат; Кешкі бос уақыт: шай ішу, Open Air Cinema және т. б.
жыл сайын

НЕГІЗГІ ІС-ШАРАЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ

Welcome Party – Унверситет қабырғаcында үйренісу үшін жыл сайын бірінші семестрдің басында өткізілетін бірінші курс студенттеріне арналған іс-шара.

 “Түлектер кеші” – университет түлектерінің салтнатты рәсімі. Бұл іс-шара әр академиялық жылдың соңында СДУ барлық түлектері үшін өткізіледі.

“Кәсіби бағдар күні” – барлық бірінші курс студенттері үшін өткізіледі; оның басты мақсаты – университеттің өмірімен және ережелерімен танысу. Іс-шара аясында бірінші курс студенттері университет басшылығымен, Президентімен және Ректорымен, сондай-ақ студенттік клубтар жетекшілерімен танысады.

SDUFest – студенттерді университеттің әлеуметтік өмірімен таныстыру-студенттік клубтарға мүше болу. Бұл іс-шара үш бөлімнен тұрады:
1) студенттік ұйымдар шеруі – оқиғаның мәнін көрсетеді.
2) концерт;
3) әр клубтың қызметімен танысу.

 “Наурыз” – ұлттық мерекені тойлау СДУ мәдени өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Мереке университеттің педагогтары, студенттері мен қызметкерлерінің бірлесіп өткізіледі. Айта кету керек, Университет әр факультетке жеке киіз үй тігіп, өз аумағында мерекелік іс-шара жасау үшін ұсынады.

“Мансап күні” – СДУ студенттерін жұмысқа орналастыру және олардың мансабын дамыту мүмкіндігін беру үшін СДУ мансап бөлімі өткізетін іс-шара. Іс-шара аясында студенттер:

– өзінің күшті қасиеттерін бағалау,  коммуникативтік дағдыларын жақсарту, өз дағдылары мен тәжірибесін анықтайды;

– жұмыс берушілермен қарым-қатынас орнатады;

– әр түрлі саладағы кәсіпқойлардан табыс жолымен танысу ; жеке құзыреттілікті, дағдылар мен мансапты дамыту бойынша мамандардан баға жетпес кеңестер алады.

“Демалыс апталығы”

 – студенттердің жұмысқа қабілеттілігін және тиімділігін арттыру үшін өткізілетін іс-шара. Демалыс аптасы – белгілі бір оқу кезеңінде студенттердің шамадан тыс жүктелу мәселесінің ең жақсы шешуі.

SDU awards – академиялық жылдағы қорытынды іс-шара. Бұл салтанатты рәсім СДУ-дың ең қызықты және көп үміт күттіретін жобаларының бірі болып табылады, шара аясында белсенді және талантты студенттер жыл сайын келесі номинациялар бойынша марапаттарға ие болады:

  • “Жыл студенті»
  • “Жылдың үздік нәтижесі »
  • “Жыл ұйымдастыруы»
  • “Жыл үздігі»
  • “Жыл жобасы»
  • “Жыл бірінші курс студенті»
  • “Жылдың халықаралық студенті»
  • “Жыл спортшысы»
  • “Қолдау және дамыту үшін»
  • “Жыл түлегі»
  • “Жыл мұғалімі”»
  • “Жыл факультеті»

БҰЙРЫҚ & ЕРЕЖЕ

Student life at SDU is not only training and experience, but also an opportunity to develop  intellectual and research skills; along with being creative, artistic and entertaining; actively participate in cultural, sports and social events in more than 28 student organizations.
The Student Fund is designed to improve student activity and personal development across the university, aimed at developing and supporting students’ lives by shaping their identity and making them a proactive member of the community.
The student’s contribution to the annual minimum allowance is determined by the SDU administration. The student’s fund is 40,000 tenge for a 4-year education, i.e. a student spends 10,000 tenge a year to contribute to self-development in the university and to improve students’ lives. 
(*Note: Contributions to Student Fund are not to be paid separately)
The following activities are financed by student fund:
– Coach’s activities include tennis, football, basketball, volleyball, karate-do and training in free-style wrestling;

– Choreographer’s activity includes national dance, modern dance, K-pop dance training;

– Master Classes include time management, public speaking, exchange programs, psychology, primary health care, painting, career development, future work, and self-development;
– Student Activities: 
  • Relax Week (art therapy, batut games, contact zoos, simplified game types, live music, etc.) 
  • Welcome Party (concert program for 1st year students) 
  • Health day (an event that allows free medical examinations at the university);
  • Orientation days (Master Classes by Best Speakers); 
  • SDUFest and ClubFair (Registration for student organizations of the university, a concert program);
  • SDULIFE EVENT (concert program organized by SDU administration) 
  • GRADUATION CEREMONY (a concert program for alumni) 
  • Activities carried out by the administration of the University and faculties 

(*Note: large events organized by student organizations targeting charitable projects and any activities outside the university are not funded by the Student Fund)

– Medical Services; 
– Psychological Counseling; 
– Repair work (students’ coworking rooms, sports grounds, auditoriums and lecture halls, university café, university environment, renovating the kitchen, etc.)

Дарынды студенттерді қолдау

Бұл бағдарлама көрнекті студенттерге, олардың әл-ауқатына қарамастан арналған. Бағдарламаға лайықты студенттер белгілі академиялық және әлеуметтік жетістіктерді көрсетуі тиіс. Бұл бағдарлама толық немесе ішінара гранттар беру немесе жатақханалық орын беру арқылы студенттердің кәсіби және жеке дамуына ықпал етуге арналған. Грантты оның барлық әрекет ету мерзімі ішінде сақтау үшін алушы әр семестр белгіленген ең төменгі орташа ұпайға сәйкес келуі тиіс.

Профессорлық-оқытушылар құрамын (профессорларды) қолдау

Ғылыми-зерттеу тағылымдама бағдарламасын қолдау. Профессорлық-оқытушылар құрамы академиялық бағдарламаны әзірлейді және университетте ғылыми зерттеулер жүргізеді. Осы бағдарлама аясында СДУ профессорлық-оқытушылар құрамына шетелде ғылыми зерттеулермен айналысуға мүмкіндік береді. Сіздің қайырмдылық көмегіңіз ұшуға, тұруға және ай сайынғы еңбекақысының 6 айдан 1 жылға дейін өтейді. СДУ сондай-ақ шетелден келген профессорларды жергілікті оқытушылар мен студенттермен өз білімдері мен тәжірибелерін бөлісуге шақырады.
 “Жас маман”бағдарламасын қолдау. “Жас маман” бағдарламасы СДУ үздік түлектерін іріктеу және оқытушылардың ассистенті ретінде академиялық мансабының бастапқы кезеңінде оларға көмек көрсету арқылы университеттің адами капиталын дамытуға бағытталған. Жас мамандар шетелде докторлық дәреже алуға және беделді университеттерде бай ғылыми зерттеу тәжірибесін алуға ынталандырылады. Оқытушылардың ассистенттері профессорлық-оқытушылық құрамнан стипендиялар мен кәсіби кеңестер алады.

Университетті қолдау

СДУ кампусы студенттердің білім беру және сауықтыру іс-шараларын өткізу үшін орталық орын болып табылады. Университет жаңа объектілерді салу және бар объектілерді елеулі жаңарту жолымен өзінің базалық инфрақұрылымын жаңартуға ұмтылады. Бұл ғимараттар, жолдар, коммуналдық қызметтер, аумақтық және ландшафтық дизайн, студенттік тұрғын үй және университет миссиясына толық қолдау көрсету үшін қажетті ақпараттық технологиялар ресурстары кіреді. Сондай-ақ, заманауи кітапханалық ресурстарды және ғылыми-зерттеу мекемелерін, жабдықтар мен технологиялық құралдарды қолдаудың маңызы зор.

FAQ

Question? Contact us! infomatrix@sdu.edu.kz

Since Infomatrix Asia is an international project competition and current lingua franca is English language, we decided that everything(documentation, presentation, submission) will be in English.

Starting from this year, participation doesn’t give opportunity get max at ENT.

All participants who study at secondary school must participate with their supervisors. Due to the security concerns of the participants.

Mail to infomatrx@sdu.edu.kz (Only technical questions)

Look carefully at category requirements, but common thing is: great presentation, clear documentation, completed project, short video demonstrating your knowledge of English Participants from Kazakhstan should have participated on regional, city, republic project competitions before.

Infomatrix Asia is an independent competition. Therefore, you are free to submit your project to any other competitions.

The participation fee is a required fixed cost that covers: transportation, medals, t-shirts, certificates, food, lodging and so on…

Accomodation

We are inviting participants to stay in our comfortable and modern “Student House” located on the territory of SDU.

The student house of Suleyman Demirel University offers students not only accommodation and meals on the territory of the Smart Campus during their studies, but also the opportunity to improve their social skills and strengthen international relationships.

Do you need help? Contact us!  infomatrix@sdu.edu.kz

Бонус ұпай қалай жинауға болады?

Қатысушылардың Instagram желісіндегі парақшасында SPT олимпиадасы туралы қызықты әрі креатив пост жариялау арқылы 1-ден 5-ке дейін бонус ұпайға ие болу мүмкіндігі бар. Пост сурет, мәтін немесе видео сияқты кез келген форматта бола алады.

Шығармашылық шектеу жоқ, қиялыңа ерік бер!
Арманыңды жаз, әңгіме құрастыр, видео түсір, достарыңа мотивация бер,  оларды да қатысуға шақыр!

Бұл – тіпті қосымша 0,5 ұпайдың грант иесі атануда шешуші рөл атқара алатын тұсы. Сондықтан мұндай тамаша мүмкіндікті міндетті түрде пайдалануға кеңес береміз.

Шарттары:

  • Қызықты және креативті пост жариялау (мәтін 50 cөзден кем емес, қатысышының өз атынан жазылады)
  • Cуретте @sdukz белгілеу (tag)
  • Хэштег – #spt2020 #sdukz
  • Пост соңында аты-жөнін, кластер мен ЖСН соңғы 6 цифрін хэштег арқылы көрсету (мысалы, Ахметов Айбек, #Кластер5, #123456).
  • Қатысушы парақшасы 10 наурызға дейін ашық болуы керек.

*Посттарды олимпиада ұйымдастырушылары былай бағалайды (жалпы ереже):

▫️1 ұпай:
— Пост жарияланған, талаптарға сай;
▫️2 ұпай:
— Мәтіні өте жақсы жазылған пост;
▫️3 ұпай:
— сапалы түсірілген және монтаждалған видео-пост;
▫️4 және 5 ұпай:
— Көп қаралым жинаған, лайк пен комментарий саны көп сапалы пост. 

Алайда баға беруші посттың сапасына көбірек қарайды. Яғни, тек қана мәтінмен-ақ +5 балл алу мүмкіндігі де бар. Немесе керісінше, көп лайк жинаған пост сапасыз болғандықтан 1 ұпай ғана жинауы мүмкін.

Посттар онлайн тіркелу аяқталғанға дейін қабылданады.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • 3х4 өлшемінде 3 фото
  • 086 медициналық формасының көшірмесі (Қазақстан Республикасының емханасынан алынған)
  • Жеке куәліктің көшірмесі
  • Төлем туралы құжаттың көшірмесі

Құжаттарыңызды жіберіңіз:

Ұлдар:

Қыздар:

dormservice.boys@mail.ru

dormservice.girls@mail.ru

Реквизиты

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: