Психологиялық консультация орталығы

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КОНСУЛЬТАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Біздің орталық студенттер мен қызметкерлерге кез келген қиындықтармен, академиялық немесе жеке болсын, қолдау көрсетеді.
Біздің мақсатымыз сіздің консультациялық қызмет ала алатын қауіпсіз және қолайлы ортаны қамтамасыз ету арқылы сіздің психологиялық денсаулығыңызды жақсартуға көмектесу.

Сонымен қатар, біздің орталық психологиялық денсаулықты нығайту және психология алаңында білімдерін кеңейту үшін семинарлар мен тренингтер өткізуге бағыталлады.

Адам баласы көп қырлы екенін білесіз бе? Сондықтан  өмірімізде табысқа жетуді қаласақ, біз IQ + EQ + PQ + SQ + AQ сияқты элементтерді қалыптастырып, теңестіре отырып, өз болашағымызға инвестиция жасауымыз керек.

Суретте әр фактор бойынша қысқаша ақпарат пен ақысыз онлайн тесттер таба аласыз (өкінішке орай тесттер ағылшын және орыс тілдерінде). Есіңізде болсын, тесттер тек сіз туралы болжамалы сипаттама береді. 

IQ

Рационалды Интеллект - бұл сіздің мәселелерді шешу және ойлау қабілеттілігіңіздің өлшемі. IQ академиялық жетістіктің болжаушысы бола алатынына қарамастан, сарапшылар бұл өмірдегі жетістікке кепілдік бермейтінін ескертеді. https://en.testometrika.com/intellectual/iq-test/

EQ

Эмоционалды Интеллект - эмоцияны түсіну, қолдану және басқару, стрессті жеңілдету, дұрыс қарым -қатынас жасау, басқаларға жанашырлық көрсету, проблемаларды жеңу және жанжалдарды шешу қабілеті. https://www.idrlabs.com/global-eq/test.php


PQ

Физикалық Интеллект - өз физиологияңызды белсенді басқару және денеңізді түсіну қабілеті. Ақыл мен дене арасындағы байланысты білу және түсіну. Сізге сай дене салмағыңызды, фитнес деңгейін және дұрыс тамақтануды анықтау.
https://testometrika.com/health/are-you-healthy/

AQ

Төзімділік Факторы - адамның өмірдегі қиындықтар уақытында ойлау, басқару және төзе білу қабілеті. https://www.psychologytoday.com/intl/tests/personality/adventure-quotient-aq-test




SQ

Рухани Интеллек - әр түрлі жағдайларға қарамастан ішкі және сыртқы тыныштықты сақтай отырып, даналық пен жанашырлықпен әрекет ету қабілеті. Өзіңіздің жеке дүниетанымыңызды, өмірлік мақсатыңызды, құндылықтарыңызды тереңірек түсіну. https://www.givegita.com/en/spiritual-quotient



ЖЕКЕ КОНСУЛЬТАЦИЯ

Біздің орталық барлық  СДУ студенттеріне және қызметкерлериіне қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тегін жеке консультациялар береді.

Әр адамның өмірінде белгілі бір қиындықтарды өзі жеңе алмайтын сезім болады. Егер сіз кейбір мәселелер бойынша кәсіби көмек қажет деп ойласаңыз, бізге хабарласыңыз!

Психологтар сізге  әртүрлі қиындықтармен көмектеседі:

  • Отбасылық проблемалар мен ата -анадан бөліну
  • Қарым -қатынас қиындықтары
  • Жұмысқа байланысты мәселелер
  • Академиялық қиындықтар
  • Өмірлік өзгерістер (көшу, университет)
  • Мазасыздық пен стресс
  • Жиі көңіл күй өзгеру
  • Байланыс орнатуда қиындықтар
  • Өзін-өзі бағалау проблемалары
  • Мотивацияның болмауы, таңдаған мамандықта күмән
  • Жақын адамынан айырылу

Бізге қызметкерлер де, студенттер де хабарласа алады. Офлайн немесе онлайн өткізіледі.

 

Психолог сізге алаңдататын қиындықтарға бірге қарауға, қолдау көрсетуге және өзгерістерді жеңуге көмектеседі. Алайда, біз медициналық дәрі жазбаймыз, керек жағдайда, психиатрға баруыңызды ұсынамыз.

Жансая Ахметсадык
zhansaya.akhmetsadyk@sdu.edu.kz 

Эмоционалды Фокусталған Терапия және Психодрама бағыттарында жұмыс істеймін.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылдаймын

Жазылу үшін сілтеме

Сабит Мухамеджанов
sabit.mukhamejanov@sdu.edu.kz 

Экзистенциалды терапия бағытында жұмыс істеймін

Қазақ және орыс тілдерінде қабылдаймын.

Жазылу үшін сілтеме

Әсем Әмірхан Әлі 
assem.amirkhan@sdu.edu.kz

Жеке кеңес беру әдістері мен танымдық мінез-құлық терапиясы бойынша жұмыс істеймін.

Қазақ және орыс тілдерінде қабылдаймын.

Жазылу үшін сілтеме

ТОПТЫҚ КОНСУЛЬТАЦИЯ

бұл қауіпсіз ортада өзіңізді және басқаларды білу процесі. Топ ретінде сіз өз өміріңізде басқалармен қарым -қатынасқа ұқсас ойлау мен мінез -құлық үлгілерін зерттеуге мүмкіндік аласыз.

Топтық консультация психодрама әдісі арқылы жүргізіледі. Психодрама – бұл ішкі қақтығыстар мен қарама -қайшылықтар туралы білуге мүмкіндік беретін әдіс. Өзіңнің қазіргі өміріңе жаңаша көзқараспен қарау, өткеніңмен кездесу мүмкіндігі. Бұл әдіс болашақты модельдеуге мүмкіндік береді, ол өзара түсіністік пен диалогты үйретеді.

 

Сіз өзіңіз туралы топта қалағаныңызша бөлісе аласыз, алайда сіз қаншалықты ашық болсаңыз, сіздің тәжірибеңіз соғұрлым тереңірек болады. Топтық консультация тек студенттер үшін. Топ бір семестр бойы әр аптаның бір күнінде  1,5-2 сағаттқа кездесетін болады. Тек кампусте офлайн өткізіледі.

ТРЕНИНГТЕР ЖӘНЕ УОРКШОПТАР

Біз әр түрлі тақырыптарда мастер -класстар мен тренингтер ұйымдастырамыз: Эмоционалды интеллект, Коммуникация дағдылары, Стресске қарсы релаксация және басқалары.

Ақпарат электронды пошта мен инстаграм арқылы хабарланады.

Профессорлық-оқытушылар құрамын (профессорларды) қолдау

Ғылыми-зерттеу тағылымдама бағдарламасын қолдау. Профессорлық-оқытушылар құрамы академиялық бағдарламаны әзірлейді және университетте ғылыми зерттеулер жүргізеді. Осы бағдарлама аясында СДУ профессорлық-оқытушылар құрамына шетелде ғылыми зерттеулермен айналысуға мүмкіндік береді. Сіздің қайырмдылық көмегіңіз ұшуға, тұруға және ай сайынғы еңбекақысының 6 айдан 1 жылға дейін өтейді. СДУ сондай-ақ шетелден келген профессорларды жергілікті оқытушылар мен студенттермен өз білімдері мен тәжірибелерін бөлісуге шақырады.
 “Жас маман”бағдарламасын қолдау. “Жас маман” бағдарламасы СДУ үздік түлектерін іріктеу және оқытушылардың ассистенті ретінде академиялық мансабының бастапқы кезеңінде оларға көмек көрсету арқылы университеттің адами капиталын дамытуға бағытталған. Жас мамандар шетелде докторлық дәреже алуға және беделді университеттерде бай ғылыми зерттеу тәжірибесін алуға ынталандырылады. Оқытушылардың ассистенттері профессорлық-оқытушылық құрамнан стипендиялар мен кәсіби кеңестер алады.

Университетті қолдау

СДУ кампусы студенттердің білім беру және сауықтыру іс-шараларын өткізу үшін орталық орын болып табылады. Университет жаңа объектілерді салу және бар объектілерді елеулі жаңарту жолымен өзінің базалық инфрақұрылымын жаңартуға ұмтылады. Бұл ғимараттар, жолдар, коммуналдық қызметтер, аумақтық және ландшафтық дизайн, студенттік тұрғын үй және университет миссиясына толық қолдау көрсету үшін қажетті ақпараттық технологиялар ресурстары кіреді. Сондай-ақ, заманауи кітапханалық ресурстарды және ғылыми-зерттеу мекемелерін, жабдықтар мен технологиялық құралдарды қолдаудың маңызы зор.

Дарынды студенттерді қолдау

Бұл бағдарлама көрнекті студенттерге, олардың әл-ауқатына қарамастан арналған. Бағдарламаға лайықты студенттер белгілі академиялық және әлеуметтік жетістіктерді көрсетуі тиіс. Бұл бағдарлама толық немесе ішінара гранттар беру немесе жатақханалық орын беру арқылы студенттердің кәсіби және жеке дамуына ықпал етуге арналған. Грантты оның барлық әрекет ету мерзімі ішінде сақтау үшін алушы әр семестр белгіленген ең төменгі орташа ұпайға сәйкес келуі тиіс.

FAQ

Question? Contact us! infomatrix@sdu.edu.kz

Since Infomatrix Asia is an international project competition and current lingua franca is English language, we decided that everything(documentation, presentation, submission) will be in English.

Starting from this year, participation doesn’t give opportunity get max at ENT.

All participants who study at secondary school must participate with their supervisors. Due to the security concerns of the participants.

Mail to infomatrx@sdu.edu.kz (Only technical questions)

Look carefully at category requirements, but common thing is: great presentation, clear documentation, completed project, short video demonstrating your knowledge of English Participants from Kazakhstan should have participated on regional, city, republic project competitions before.

Infomatrix Asia is an independent competition. Therefore, you are free to submit your project to any other competitions.

The participation fee is a required fixed cost that covers: transportation, medals, t-shirts, certificates, food, lodging and so on…

Accomodation

We are inviting participants to stay in our comfortable and modern “Student House” located on the territory of SDU.

The student house of Suleyman Demirel University offers students not only accommodation and meals on the territory of the Smart Campus during their studies, but also the opportunity to improve their social skills and strengthen international relationships.

Do you need help? Contact us!  infomatrix@sdu.edu.kz

Бонус ұпай қалай жинауға болады?

Қатысушылардың Instagram желісіндегі парақшасында SPT олимпиадасы туралы қызықты әрі креатив пост жариялау арқылы 1-ден 5-ке дейін бонус ұпайға ие болу мүмкіндігі бар. Пост сурет, мәтін немесе видео сияқты кез келген форматта бола алады.

Шығармашылық шектеу жоқ, қиялыңа ерік бер!
Арманыңды жаз, әңгіме құрастыр, видео түсір, достарыңа мотивация бер,  оларды да қатысуға шақыр!

Бұл – тіпті қосымша 0,5 ұпайдың грант иесі атануда шешуші рөл атқара алатын тұсы. Сондықтан мұндай тамаша мүмкіндікті міндетті түрде пайдалануға кеңес береміз.

Шарттары:

  • Қызықты және креативті пост жариялау (мәтін 50 cөзден кем емес, қатысышының өз атынан жазылады)
  • Cуретте @sdukz белгілеу (tag)
  • Хэштег – #spt2020 #sdukz
  • Пост соңында аты-жөнін, кластер мен ЖСН соңғы 6 цифрін хэштег арқылы көрсету (мысалы, Ахметов Айбек, #Кластер5, #123456).
  • Қатысушы парақшасы 10 наурызға дейін ашық болуы керек.

*Посттарды олимпиада ұйымдастырушылары былай бағалайды (жалпы ереже):

▫️1 ұпай:
— Пост жарияланған, талаптарға сай;
▫️2 ұпай:
— Мәтіні өте жақсы жазылған пост;
▫️3 ұпай:
— сапалы түсірілген және монтаждалған видео-пост;
▫️4 және 5 ұпай:
— Көп қаралым жинаған, лайк пен комментарий саны көп сапалы пост. 

Алайда баға беруші посттың сапасына көбірек қарайды. Яғни, тек қана мәтінмен-ақ +5 балл алу мүмкіндігі де бар. Немесе керісінше, көп лайк жинаған пост сапасыз болғандықтан 1 ұпай ғана жинауы мүмкін.

Посттар онлайн тіркелу аяқталғанға дейін қабылданады.

Реквизиты

Open chat

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: