Қолданбалы филология

Бакалавриат

Қолданбалы филология

Деңгей

«6В02304 Қолданбалы филология» білім беру бағдарлама бойынша гуманитарлық білім бакалавры

Ұзақтығы

4 жыл

ECTS

240

Талап етілетін ағылшын тілі деңгейі

Талап етілмейді

Бағдарлама сипаттамасы

Қазақ филологиясын негізде айындалған 6В02304 – «Қолданбалы филология» бағдарламасының бағыты – түрлі саладағы мәтіндермен кәсіби деңгейде жұмыс істей алатын,атап айтқанда, баспа ісі, менеджмент, жарнама, ақпараттық агенттіктер, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдар, қоғамның түрлі саласында қызмет ететін мамандар дайындау. 6В02304 – «Қолданбалы филология» білім бағдарламасы кәсіби біліктілігі мен құзіретін еңбек нарығының түрлі саласында қолдана алатын, ағылшын тілін жетік меңгерген, шығармашыл маман дайындауды мақсат тұтады.

Оқыту нәтижелері

  • Білімгер тұлғааралық, мәдениетаралық және өндірістік (кәсіби) қарым-қатынас мәселелерін шешу мақсатында орыс, ағылшын және түрік тілдерінде ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасай алады. Шаршы топ алдында сөйлеу әдебін меңгереді.
  • Филологияның өзекті мәселелеріне қатысты аналитикалық және сыни ойлау тұрғысынан талдау жасай білу дағдысын қалыптастырады.
  • Студент басқарушы-ұйымдастырушылық қабілеттерін, психологиялық, пәндік және әдістемелік білім жүйесін практикада қолдана алады.
  • Жазба мәтіндерді өңдеп, көркем және ғылыми мәтіндерге редакциялау жұмыстарын жасай алады; аударма мәтіндерге қажетті стилистикалық өңдеу жұмыстарын жүргізудің талаптары мен әдіс-тәсілдерін игереді.Шаршы топ алдында сөйлеу мәдениеті мен әдебін меңгереді.
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізе алады; ресми іс қағаздарының құқықтық негіздерін иеңгеріп, құжат айналымын жүзеге асыра алады; белгілі бір жанрында жазу стилінің ережелерін қолдана алады; сандық жазу, сандық ақпаратты жүзеге асыруға қабілетті болады; сот мәтіндеріне лингвистикалық талдау жасауды меңгереді.
  • Студент әдебиеттану ғылымының әдістемелік ұстанымдары мен категорияларын меңгереді, қажетті көркем мәтінге әдеби талдау жасай алады. Теориялық материалдарды өз бетінше талдап, оларды пәнаралық тұрғыдан байланыстыра алады. Қолданбалы зерттеулерге байланысты кәсіби сауаттылық таныта алады.
  • Студент түрлі саладағы мәтіндерді цифрландыруға негізделген инновациялық технологияларды (мультимедия, электронды кітапхана, 3D кітаптар)өндірісте қолдана алады, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде сандық, сауаттылығын тиімді пайдаланады.
  • Әдебиет пен өнердің түрлі саласында шығармашылық жұмыстар атқара алады. Қоғам сұранысына сәйкес рухани-материалдық өнім ұсына алады.
  • Білімгер тіл білімінің негізгі базалық ұғымдарын меңгереді, тіл теориясы, тіл табиғаты, тіл философиясы мәселелерін меңгереді, лингвофилософиялық концепцияларға тілдік анализ жүргізе алады; тіл білімінің фоно-морфо-семантикалық және синтаксистік жүйелері бойынша ғылыми-методологиялық базаны меңгереді; тіл білімінің құрылымдық, антропоөзектік және қолданбалы бағыттары бойынша қажетті кешенді тілдік талдаулар жасай алады.

Міндетті және таңдау пәндері

Көркем мәтін интерпретациясы: теориясы мен практикасы;
Қазақ фольклоры;
Ежелгі дәуір әдебиеті; 
Қазіргі қазақ әдебиеті;
XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы; 
Жазбаша мәтінді редакциялау;
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы;
Қазіргі әдебиеттегі жаңа жанрлар; 
Академиялық сауаттылықтың теориялық және практикалық негіздері;
Сөйлеу дағдыларын қалыптасытру және нетворкинг; 
Қазіргі қазақ тілі: фонетика және фонология;
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографисы; 
Қазіргі қазақ тілі: сөзжасам және морфология; 
Қазіргі қазақ тілі: жәй сөйлем және құрмалас сөйлем синтаксисі; 
Шетел әдебиеті; 
Қазақ тілінің стилистикасы;
Мәтін лингвистикасы және дискурс;
Медиамәтіндермен жұмыс; 
Жазушының шығармашылық шеберханасы; 
Event іс-шаралардың тілдік негіздері; 
Контрастивистика (қазақ, орыс, ағылшын тілдері негізінде); 
Көркем аударманың теориясы мен практикасы; 
Бұқаралық әдебиет және Non fiction;
Түрік тілі; 
Шет тілі; 
Тіл білімінің негіздері;
Әдебиеттануға кіріспе;
Оқу-өндірістік тәжірибе;
Өндірістік тәжірибе; 
Дипломалды тәжірибе

Жұмыспен қамтылу

  • Әдебиет пен өнер саласында: аудармашы, сценарист, көркемдік жетекші, жазушы-драматург, әдебиет және өнер сыншысы (қазіргі уақытта өте тапшы)
  • Баспа ісі және медиа саласында: баспагер-редактор, корректор, копирайтер, спичрайтер, веб-журналист, ақпарат агенттіктерінде маман.
  • Кез келген компанияда: PR менеджер, SEO  маманы, іс-қағаздарын жүргізуші, контент-менеджер, Іс-шараларды (Event) ұйымдастырушы (
  • Педагогика, әкімшілік істер т.б. салаларда: орта білімнен кейінгі оқу орындарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, білім беру мекемелерінде ғылым істері жөніндегі маман, әкімшілік іс-қағаздарын жүргізуші, пресс-секретарь, тілдік кеңес беруші (лингвистикалық консалтинг)



Координатор

Отарбаева Ғазиза

otarbayeva.gaziza@sdu.edu.kz 

 

Accomodation

We are inviting participants to stay in our comfortable and modern “Student House” located on the territory of SDU.

The student house of Suleyman Demirel University offers students not only accommodation and meals on the territory of the Smart Campus during their studies, but also the opportunity to improve their social skills and strengthen international relationships.

Do you need help? Contact us!  infomatrix@sdu.edu.kz

FAQ

Question? Contact us! infomatrix@sdu.edu.kz

Since Infomatrix Asia is an international project competition and current lingua franca is English language, we decided that everything(documentation, presentation, submission) will be in English.

Starting from this year, participation doesn’t give opportunity get max at ENT.

All participants who study at secondary school must participate with their supervisors. Due to the security concerns of the participants.

Mail to infomatrx@sdu.edu.kz (Only technical questions)

Look carefully at category requirements, but common thing is: great presentation, clear documentation, completed project, short video demonstrating your knowledge of English Participants from Kazakhstan should have participated on regional, city, republic project competitions before.

Infomatrix Asia is an independent competition. Therefore, you are free to submit your project to any other competitions.

The participation fee is a required fixed cost that covers: transportation, medals, t-shirts, certificates, food, lodging and so on…

Бонус ұпай қалай жинауға болады?

Қатысушылардың Instagram желісіндегі парақшасында SPT олимпиадасы туралы қызықты әрі креатив пост жариялау арқылы 1-ден 5-ке дейін бонус ұпайға ие болу мүмкіндігі бар. Пост сурет, мәтін немесе видео сияқты кез келген форматта бола алады.

Шығармашылық шектеу жоқ, қиялыңа ерік бер!
Арманыңды жаз, әңгіме құрастыр, видео түсір, достарыңа мотивация бер,  оларды да қатысуға шақыр!

Бұл – тіпті қосымша 0,5 ұпайдың грант иесі атануда шешуші рөл атқара алатын тұсы. Сондықтан мұндай тамаша мүмкіндікті міндетті түрде пайдалануға кеңес береміз.

Шарттары:

  • Қызықты және креативті пост жариялау (мәтін 50 cөзден кем емес, қатысышының өз атынан жазылады)
  • Cуретте @sdukz белгілеу (tag)
  • Хэштег – #spt2020 #sdukz
  • Пост соңында аты-жөнін, кластер мен ЖСН соңғы 6 цифрін хэштег арқылы көрсету (мысалы, Ахметов Айбек, #Кластер5, #123456).
  • Қатысушы парақшасы 10 наурызға дейін ашық болуы керек.

*Посттарды олимпиада ұйымдастырушылары былай бағалайды (жалпы ереже):

▫️1 ұпай:
— Пост жарияланған, талаптарға сай;
▫️2 ұпай:
— Мәтіні өте жақсы жазылған пост;
▫️3 ұпай:
— сапалы түсірілген және монтаждалған видео-пост;
▫️4 және 5 ұпай:
— Көп қаралым жинаған, лайк пен комментарий саны көп сапалы пост. 

Алайда баға беруші посттың сапасына көбірек қарайды. Яғни, тек қана мәтінмен-ақ +5 балл алу мүмкіндігі де бар. Немесе керісінше, көп лайк жинаған пост сапасыз болғандықтан 1 ұпай ғана жинауы мүмкін.

Посттар онлайн тіркелу аяқталғанға дейін қабылданады.

Университетті қолдау

СДУ кампусы студенттердің білім беру және сауықтыру іс-шараларын өткізу үшін орталық орын болып табылады. Университет жаңа объектілерді салу және бар объектілерді елеулі жаңарту жолымен өзінің базалық инфрақұрылымын жаңартуға ұмтылады. Бұл ғимараттар, жолдар, коммуналдық қызметтер, аумақтық және ландшафтық дизайн, студенттік тұрғын үй және университет миссиясына толық қолдау көрсету үшін қажетті ақпараттық технологиялар ресурстары кіреді. Сондай-ақ, заманауи кітапханалық ресурстарды және ғылыми-зерттеу мекемелерін, жабдықтар мен технологиялық құралдарды қолдаудың маңызы зор.

Профессорлық-оқытушылар құрамын (профессорларды) қолдау

Ғылыми-зерттеу тағылымдама бағдарламасын қолдау. Профессорлық-оқытушылар құрамы академиялық бағдарламаны әзірлейді және университетте ғылыми зерттеулер жүргізеді. Осы бағдарлама аясында СДУ профессорлық-оқытушылар құрамына шетелде ғылыми зерттеулермен айналысуға мүмкіндік береді. Сіздің қайырмдылық көмегіңіз ұшуға, тұруға және ай сайынғы еңбекақысының 6 айдан 1 жылға дейін өтейді. СДУ сондай-ақ шетелден келген профессорларды жергілікті оқытушылар мен студенттермен өз білімдері мен тәжірибелерін бөлісуге шақырады.
 “Жас маман”бағдарламасын қолдау. “Жас маман” бағдарламасы СДУ үздік түлектерін іріктеу және оқытушылардың ассистенті ретінде академиялық мансабының бастапқы кезеңінде оларға көмек көрсету арқылы университеттің адами капиталын дамытуға бағытталған. Жас мамандар шетелде докторлық дәреже алуға және беделді университеттерде бай ғылыми зерттеу тәжірибесін алуға ынталандырылады. Оқытушылардың ассистенттері профессорлық-оқытушылық құрамнан стипендиялар мен кәсіби кеңестер алады.

Дарынды студенттерді қолдау

Бұл бағдарлама көрнекті студенттерге, олардың әл-ауқатына қарамастан арналған. Бағдарламаға лайықты студенттер белгілі академиялық және әлеуметтік жетістіктерді көрсетуі тиіс. Бұл бағдарлама толық немесе ішінара гранттар беру немесе жатақханалық орын беру арқылы студенттердің кәсіби және жеке дамуына ықпал етуге арналған. Грантты оның барлық әрекет ету мерзімі ішінде сақтау үшін алушы әр семестр белгіленген ең төменгі орташа ұпайға сәйкес келуі тиіс.

Реквизиты

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Open chat

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: