Заманауи оқулық және білім беру құндылықтары

Заманауи оқулық және білім беру құндылықтары

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Сулейман Демирель атындағы университет 2020 жылғы желтоқсанның 21 күні «Заманауи оқулық және білім беру құндылықтары» тақырыбында республикалық ғылыми конференция өткізеді.

Конференцияның  негізгі бағыттары:

  1. Оқулық мәтінінің мазмұны мен этномәдени сипаты.
  2. Оқулық мәтінінің танымдық және тәрбиелік мәні.
  3. Оқулық әзірлеудегі психолингвистикалық және психодидактикалық талаптар.
  4. Электрондық оқу басылымдары және білім берудің аксиологиялық қызметі.
  5. Оқулықтың мәтіннен тыс аппаратының рөлі және оған қойылатын талаптар.

Конференция мақсаты: Заманауи оқулықтардағы білім беру құндылықтарына, оқу әдебиеттерінің тіліне,  мәтіндік және мәтіннен тыс аппаратына қойылатын талаптар бойынша өзекті мәселелерді талқылау.

Конференцияның мақсатты аудиториясы:

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен оның бағынысты ұйымдарының, жоғары, техникалық және кәсіби, орта білім беру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру ұйымдарының  қызметкерлері;
  • білім беру ресурстарын әзірлеуші баспа өкілдері;
  • ғылыми ұйым өкілдері;
  • оқу әдебиеттерінің авторлары мен сарапшылары.

Конференцияны өткізу форматы: On-line

Конференция тілі: қазақ, орыс

Конференция материалдары бойынша қағаз және электрондық форматта (PDF) ISBN берілген конференция жинағы шығарылады. Мақаланы жинаққа енгізу үшін 1-қосымшадағы Мақала авторларына қойылатын талаптармен танысу қажет.

Конференцияға қатысу туралы өтінімді 2-қосымшаға сәйкес 2020 жылғы   қарашаның 30-на дейін және ғылыми мақала мәтінін 2020 жылғы желтоқсанның 10-на дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына жіберу қажет: Conference20_20@mail.ru

Конференцияның толық бағдарламасы 15 желтоқсанға дейін қатысушыларға жіберілетін болады. Келіп түскен материалдар конференция тақырыбына және рәсімдеу талаптарына сәйкес келмеген немесе қабылдау мерзімі өтіп кеткен жағдайда ұйымдастыру комитеті мақалаларды жарияламауға құқылы.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефондары: 8(7172)76-90-36,  8705 4406874,8 707 971 13 77

Қосымшаларды жүктеу сілтемесі – осында.

Реквизиты

Open chat

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: