«Жас филолог» онлайн олимпиадасының жеңімпазы анықталды

«Жас филолог» онлайн олимпиадасының жеңімпазы анықталды

«Neweducation.asia» Халықаралық  білім мен педагогикалық шеберлікті арттыру алаңында Орта Азия мемлекеттерінің  ЖОО арасында өткен «Жас филолог» атты ІІІ халықаралық онлайн  олимпиада  2020 жылдың 14-15 қараша күндері өткізді. Халықаралық «Жас филолог» ЖОО студенттерінің ІІІ олимпиадасына еліміздің түрлі жоғарғы оқу орындарынан 60 шақты студент, сондай-ақ көрші Өзбекстан мемлекетінің студенттері де қатысты.

Халықаралық лингвистикалық олимпиаданың мақсаты:

мемлекеттер арасында мәдени-тілдік қарым-қатынасты күшейтіп, болашақ филолог мамандардың  кәсіби қабілетін  анықтау және бәсекелестікті арттыру.

Халықаралық лингвитсикалық «Жас филолог» олимпиадасы екі кезеңнен тұрды.

  1. Тіл және әдебиет бойынша тест сынағы.
  2. Проблемалық сұрақтарға жауап жазу.

Педагогикалық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің «Филология» мамандығының 3- курс студенті Жорабаева Арайлым  Орта Азия мемлекеттерінің  ЖОО арасында өткен «Жас филолог» атты ІІІ халықаралық онлайн  олимпиадаға қатысып, «Бас жүлдеге» ие болды.

Реквизиты

Open chat

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: