Екі сайыстың қалалық кезеңі

Екі сайыстың қалалық кезеңі

Үстіміздегі жылдың 9 ақпанында СДУ-да Алматы қаласындағы ЖОО студенттері арасында өткен екі сайыстың марапаттау салтанаты өтті.
«Педагогикалық және гуманитарлық ғылымдар факультеті» мен «Шабыт» қаламгерлер клубы ұйымдастырған «Жас қаламгер» және «Оқырман бәйгесі» сайыстарының бесінші кезеңіне Алматы қаласындағы ЖОО студенттері өзара бақ сынасты.
«Оқырман бәйгесінің» осы кезеңінде студенттер Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» кітабын оқып, 100 сұрақтан құралған тест тапсырды. Жоғары ұпай жинаған студенттерге төмендегідей жүлделі орындар берілді.

"Оқырман бәйгесі" cайысының нәтижесі
Қалалық кезең

Аты-жөні
Ұпай
Уақыт
Орын
Алмас Есенов
90
59:10:00
1-орын
Сауыт Елнұр
88
41:36:00
2-орын
Тұрлыбай Айша
87
40:30:00
2-орын
Сулейменова Аида
86
54:44:00
3-орын
Сағидуллина Қамқа
83
49:15:00
3-орын
Ақбота Узбекбай
82
49:53:00
3-орын
Нұрқабылова Нұрайым
82
42:58:00
3-орын
Әлия Закария
81
57:20:00
3-орын
Жансая Олжабек
80
1:07:43
сыйлық
Бибинур Нурулова
79
50:53:00
сыйлық
Балтабек Бинура
78
1:03:04
сыйлық
Жанабай Мансия
77
47:00:00
сыйлық
Нурумова Бибинур
76
50:53:00
сыйлық
Сабина Игілік
76
1:04:54
сыйлық
Мырзақұлов Оралбай
74
56:02:00
сыйлық
Аметова Малика
72
37:36:00
сыйлық
Нұрмат Бақберген
72
1:03:06
сыйлық

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту; жас қаламгерлерді анықтап, олардың жазбаша жұмыстарын жинақ етіп бастырып, халыққа насихаттау мақсатында Алматы қаласындағы ЖОО студенттері арасында өткен «Жас қаламгер» сайысының «Өмірімнің ең қызықты шағы» және «Замандас, саған айтам» тақырыптары бойынша жүлдегерлер төмендегідей:

1-орын
Айдана Қуанышбек. «Ақылмен сүю», «Сабақтан бөлек «сабақтар», «Тілек құны», «Үй тапсырмасын дер кезінде аяқтау және «дедлайннан» кешікпеу»

2-орын
1. Гүлсезім Жайылханқызы Байсалбай
2. Нұрайым Алмасбекқызы Нұрқабылова
3.Айгүл Бақытқызы

3-орын 
1. Жақсылықова Әсем
2. Мәліке Серғалы
3. Қалбан Есбол
4. Айым Алтайқызы
5. Манап Абдулла Рысбайұлы
6. Бөкебай Дина

Ынталандыру сыйлығы

  1. Аружан Жақсылық
  2. Зинелова Жібек
  3. Жангүл Алмас
  4. Әбілда Аяулым
  5. Іңкәр Ізбай
  6. Ораз Елмұрат Жақсылықұлы
  7. Бахтиярова Дэлияра
  8. Күнсұлу Бегімбаева
  9. Жанел Дидар
  10. Алтынай Асанова
  11. Байдулла Мереке
  12. Мелдебек Мадина
  13. Советбекова Диана

«Жас қаламгер» сайысының «Еліме қызмет етемін» тақырыбы бойынша жүлдегерлер

1-орын
Айдана Қуанышбек

2-орын
Махаева Айым

3-орын 
1. Қадырқұлова Жанеля Ерболқызы
2. Динара Толепберген

Ынталандыру сыйлығы

  1. Тасқын Мерей
  2. Нохатов Ғибрат Илгербайұлы
  3. Айдана Қазиева

«Жас қаламгер» сайысының қазылар алқасының мүшелері:
1. А.Байтұрсынұлы Білім академиясының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ұлан Еркінбаев
2. Жазушылар одағының мүшесі, жазушы Дәулетбек Байтұрсынұлы
3. Мектеп оқушыларына арналған Қазақ әдебиеті оқулықтарының авторы, Филология ғылымдарының кандидаты, С. Демирель атындағы университетінің филология кафедрасының ассистент профессоры Баян Керімбекова

Екі сайыс бойынша 1-орынға 40 000 теңге; 2-орынға 20 000 теңге; 3-орынға 10 000 теңге қаржылай сыйлық беріледі және ынталандыру сыйлығына ие болғандар Қ.Шонбайдың «Құпия» кітабы табыс етілді.

Екі сайыстың келесі алтыншы кезеңі республикалық деңгейде өтетін болады.

Реквизиты

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Open chat

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: