Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті 27 тамыздан 25 қыркүйекке дейін атаулы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткерлердің жұмыстарын қабылдауды жүзеге асырған болатын. Осы орайда факультетіміздің «Тілдік білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Дүйсебекова Жайнагүл Мұратқызы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2019 жылғы 4 желтоқсандағы №517 бұйрығына сәйкес «Жас ғалымдарға» арналған мемлекеттік стипендияның иегері атанды.
