6М011700 Kazakh language and literature

Бағдарлама сипаттамасы

 

Академиялық деңгей: Магистратура

Оқу формасы: очная 

Оқу мерзімі: бейіндік - 1-1,5 жыл (3 семестр); ғылыми-педагогикалық - 2 жыл (4 семестр)

Оқыту тілі: қазақ

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты – білім беру саласында еңбек нарығында бәсекелестікке қабілетті «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша мамандар даярлау.

Білім беру бағдарламасының мазмұнын құрайтын пәндер ғылыми-әдістемелік зерттеулердегі құзіреттіліктерді тереңдетуге; қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың барлық салалары мен деңгейлерінде кәсіби біліктілікті арттыруға; оқу үдерісінде заманауи әдіс-тәсілдерді пайдалану дағдыларын; педагогикалық психология және педагогикалық менеджментті дамытуға бағытталған.

 

Оқыту артықшылығы

 

  • Сабақ кестесі икемді әрі ыңғайлы;

  • Халықаралық деңгейдегі электрондық кітапханаға тегін қолжетімділік;

  • Педагогикалық тәжірибеден университетте, ғылыми өндірістік тәжірибеден университеттің ғылыми зертханаларында өту;

  • Жұмыс оқу бағдарламасы мазмұнын құрастыруда жұмыс берушілердің талаптары мен қоғамдық-әлеуметтік сұраныстар ескерілген;

  • Түрлі деңгей мен түрлі сипаттағы Ғылыми жобаларға қатысу мүмкіндігі.

 

Бағдарламаның артықшылықтары

Модульдік оқу жоспары мазмұнында бүгінгі қоғамдық сұраныстарды: латын графикасы, орта білім беру саласындағы жаңартылған білім беру мазмұны, білім беру саласындағы менеджмент және ғылым мен білім саласындағы ІТ, білім беру саласындағы көшбасшылық пен шешендік харизманы қанағаттандыруға бағытталған.

 

Оқытылатын пәндер

 

А. Базалық пәндер модулі

Міндетті пәндер:

Ғылыми-педагогикалық бағыт үшін:

  • Ғылым тарихы мен философиясы
  • Шетел тілі (кәсіби)
  • Педагогика
  • Психология

Бейінді бағыт үшін:

  • Шетел тілі (кәсіби)
  • Менеджмент.
  • Психология

Таңдау компоненттері:

  • Психолингвистика: теориясы мен практикасы
  • Жоғары оқу орындарында әдебиетті оқыту әдістемесі
  • Жаңартылған білім беру бағдарламасының теориялық негіздері
  • Педагогикалық менеджмент

В. Кәсіптік пәндер модулі

Міндетті компоненттер:

  • Тіл тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
  • Жоғары оқу орындағы педагогикалық практика

Таңдау компоненттері

  • Ғылым мен білім беру саласындағы сандық сауаттылық;
  • Латыннегізді қазақ орфографиясының теориясы мен әдістемесі;  
  • Қазіргі қазақ әдеби сыны және әдебиеттанудағы жаңа бағыттар;
  • Әдебиеттің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері;
  • Филология пәндері контексіндегі адам капиталының трансформациялануы.
  • Ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру және әдістемелік зерттеулердің әдіснамасы.
  • Заманауи талаптар контексіндегі шешендік өнер
  • Білім беру саласының заманауи мәселелері мен талаптары

С. Оқытудың қосымша түрі бойынша модуль

  • Курстық жұмыс
  • Ғылыми-зерттеу жұмысы
  • Ғылыми-зерттеу практикасы

Д. Қорытынды аттестаттау модулі

  • Кешенді емтихан
  • Магистрлік диссертацияны рәсімдеу және қорғау

 

Карьера және кәсіби қызмет ету саласы

 

Магистрлік бағдарламаны аяқтаған түлек мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру мекемелерінде қызмет ете алады; ғылыми және практикалық міндеттерді шеше алатын басқару қызметтерінде жұмыс істей алады; ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналыса алады.

Түлектердің қызмет ете алатын нысандары: 

  • Білім беру мекемелері:  ЖОО, колледждер;  орта кәсіптік білім беретін және жалпы орта  білім беретін оқу орындары;
  • Қосымша білім беру Орталықтары;
  • Ғылыми зерттеу институттары;
  • ЖОО-ның Ғылыми зерттеу орталықтары мен зертханалары;
  • Бұқаралық ақпарат құралдары;
  • Аударма орталықтары;
  • Баспа мекемелері.

 

 

Байланыс

 

Бағдарлама координаторы

Майра Жолшаева

PhD, Тілдік білім беру кафедрасының профессоры

+7 727 307 95 65

maira.zholshayeva@sdu.edu.kz

 

Қабылдау комиссиясы

 

+7 727 307 95 65

pr@sdu.edu.kz

 

Халықаралық қатынастар офисі

+7 727 307 95 60, (233)

iro@sdu.edu.kz

 

favicon.png

+7 702 000 11 34

Дүйсенбі-Жұма, 9.00-18.00