ҰБТ бейіндік пәні: Оқыту тілі - Әдебиет
Академиялық дәреже: бакалавр
Оқу формасы: күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл (8 семестр)
Оқу тілі: қазақ
Мемлекеттік грант саны: 405
Оқу ақысы: жылына 500 000 теңге
Орналасқан жері: Алматы облысы, Қаскелең / Смарт кампус
5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Білім Беру Бағдарламасы бүгінгі білім беру жүйесінің инновациялық стандарттарына сәйкес кәсіби білім беру арқылы педагогикалық процесті сапалы ұйымдастыратын, білім беру жүйесіндегі ақпараттық-коммуникациялық және педагогикалық-инновациялық технологияларды толыққанды меңгерген, педагогикалық психологияны меңгерген кәсіби біліктілігі жоғары маман даярлау.
Білім беру процесінің білім алушы тұлғаға бағытталуы студенттердің кәсіби бағдарын айқындап, өз бетінше білім алуына жағдай жасайды. Білім алушылардың базалық лингвистикалық және әдеби білімін қалыптастырады, білім берудегі менеджмент, оқушылардың білімін бағалау жүйесін (қалыптастырушы және жинақтаушы бағалау), қазақ тілі мен әдебиеті сабағында педагогикалық-инновациялық технологиялар мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жолдарын, психологиялық, педагогикалық білік пен дағдыларды меңгереді. Сонымен қатар қазақ тілін деңгейлеп оқыту әдістемесі, жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде қазақ тілі мен әдебиетін оқыту, түрік тілі, ағылшын тілін тереңдетіп оқыту қосымша тілдік білімді қалыптастырады. Білім беру бағдарламасында ұсынылған элективті пәндер білім алушы тұлғаның ғылыми-теориялық білімін, коммуникативті-педагогикалық, басқарушы-ұйымдастырушылық, лингвомәдени құзыреттіліктерін қалыптастырады.
Көптілді білім беру жүйесінің енуіне байланысты 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» Білімі Беру Бағдарламасының өзіндік ерекшелігі ретінде ағылшын тілін тереңдетіп меңгерту үшін үздіксіз оқытылуын (7 семестр) негізге алуға болады. Бұл біздің түлектердің халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттігін арттыруға жағдай жасайды. Сондай-ақ, ағылшын тілін тереңдетіп меңгеру нәтижесінде IELTS, TOEFL емтихандарын тапсыра алады.
Студенттердің ғылыми-шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында университет деңгейінде құрылған «Қолданбалы және эксперименталды лингвистикалық зерттеулер», «Сөз өнері» лабораторияларында профессор-оқытушылар құрамының жетекшілігімен қазақ тіл білімі мен әдебиет саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуге студенттер тартылып, оларды ғылыми ізденіске баулиды.
Сонымен қатар университет деңгейінде жүйелі түрде жұмыс жасайтын «Мағжан» әдеби-шығармашылық бірлестігі мен «Асыл сөз» ғылыми-шығармашылық клубтарында әрбір студенттің жеке тұлға ретінде дамуына, өзін белсенді қырынан көрінуіне жол ашады.
Хафиза Ордабекова
PhD, Тілдік білім беру кафедрасының ассоц. профессоры
+7 727 307 95 65
+7 727 307 95 65
+7 727 307 95 65, (233)