Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылау бойынша Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Дулатбеков университетімізге ат басын тіреді. Жиынға Қарасай ауданынның әкімі Жандарбек Далабаев, Аудандық мәслихат хатшысы, ардагерлер алқасының өкілдері мен «Нұр Отан» партиясының белсенділері қатысты. Делегацияны СДУ университетінің президенті Мейірбек Мажитов пен оқу онрының ұжымы қарсы алды. Сонымен қатар іс-шара жұмысына СДУ-дың белсенді студенттер қауымы да қатысты.

Нұрлан Дулатбеков білім ордасының инфрақұрылымын аралап, университеттің материалды-техникалық базасына жоғары баға берді. Өз сөзінде депутат СДУ университетінің жаңа формациядағы жаңалықты тез қабылдайтын, заманауи талаптарға сай оқу орны екендігін атап өтті. Сонымен қатар ел қалаулысы бірнеше жылдар бойы білім саласында қызмет атқарып, кезінде Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры болғандығын және білім саласына аса назар аударатындығын баса айтты. Өз кезегінде университет президенті Мейірбек Мажитов СДУ даму сатысындағы басты бағыттарды Елбасы жолдауындағы жоғары білім саласына қатысты тапсырмаларға сәйкес орындалуы туралы баяндады.

DSC03698.JPG - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы халыққа кезекті жолдауындағы бесінші бағытында  Жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтіледі деген пікір айтты. Айта кететінім, біздің білім ошағымыз осы талаптарды орындауға толығымен әзір және бүгінгі таңда бұл бағыттардың басым көпшілігі жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні университетіміз білім беру саласында 22 жылдық тәжірибесі бар заманауи ірі халықаралық білім беру мекемесіне айналды.

Білім ордасы бәсекеге қабілетті, нарық талабына сай замануи маман иелерін жоғары сұранысқа ие 21 мамандық бойынша әзірлейді. Соңғы екі жылда Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз Қазақстан агенттігінің рейтингі бойынша «Ақпараттық жүйелер» мен «Математикалық ғылымдар»  мамандықтары бірінші орында тұр, - деп баяндады СДУ президенті.

Сонымен қатар, Мейірбек Мажитов, білім ошағының бүгінгі күні қол жеткізген жетістіктеріне тоқталып өтті.

Атап айтқанда, басты жетістіктеріміздің бірі - Елбасының үштілділік саясатын жүзеге асыруға бағытталған педагогика саласында үш тілде білім беретін жаңа мамандықтардың ашылуы. Алдағы 3 жыл көлемінде біз химия-биология, физика-информатика пәндері бойынша әлемдік стандарттарға сай жаңа формациядағы, ағылшын тілін ғылыми тілде жетік меңгеретін жоғары сапалы оқытушылардың алғашқы буынын шығарамыз. Бұл бағытта біз отандық оқу орындарының қатарында көш бастап тұрмыз, - деген пікірде СДУ президенті.

Сонымен қатар жастардың жан-жақты білім алуымен, демалысы, әрі толыққанды қамтамасыз етілген жатақханада орналасуына барынша мүмкіндік жасалған заманауи инфрақұрырылымның жағдайы баяндалды. Қазіргі уақытта университет оқу бағдарламасында 85 пайыз  дәрісті ағылшын тілінде береді әрі батыс мемлекеттерінен 13 профессор қызмет атқарып, 15 мемлекеттен 200-ден аса шетелдік студент білім алып жатыр.

Сондай-ақ, президент бүгінгі таңда алыс жақын шет мемлекеттердің белді жоғары оқу орындарымен әріптестік орнатып, оқу бағдарламасын күшейту барысында кеңінен тәжірибе алмасу бойынша мәлімет берді. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында үлкен халықаралық жобаны іске асырып, біренеше жыл қатарынан  мектеп бітіруші түлектер арасында Халықаралық INFOMATRIX-ASIA байқауының өтуі және биылғы жылы сайыста 15 мемлекеттен 450 өнертапқыш бақ сынағаны туралы хабарлады. Айта кеткен жөн, соңғы бес жыл аралығында 300-ден аса талапкер байқауға қатысу арқылы мемлекеттік грантқа ие болып СДУ-дан білім алып жатыр.

DSC03439.JPG Биылғы жылғы жағымды жаңалық – ол университетіміздің Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі тарапынан қаржылай қолдауға ие болып, алыс және жақын шетелдерден түрлі салалар бойынша белді оқытушы-сарапшы мамандарды тартып, оқу бағдарламасын замануи үрдіс бойынша дамыту жұмысының қолға алынуы.

Тағы бір жасалып отырған нақты қадам - ол университет басқару жүйесіне батыстық модельге сай президенттік лауазымды енгізу және бірқатар құрылымдық өзгерістер жүргізу. Осы орайда университет қызметін трансформациялық бағытта жүйелеп және корпоративті басқару бағытын енгізіп, индустриямен қарым-қатынасты нығайтуға аса көңіл бөлінуде. Бұл бағыт университетке нарық талабына сай әрі жоғары сұранысқа ие мамандарды әзірлеп, заман ағымында болып жатқан өзгерістерге әзір болу мүмкіндігін береді.