None

Болашақ қаламгерлердің зор ынтасына ие болған, «Журналист болғым келеді» байқауы өз мәресіне келіп жетті. Айта кеткен жөн, байқау қазақ телевизиясының 60-жылдық мерейтойына орай, «Алматы» телеарнасы мен Сулейман Демирел университетінің ортақ қолдауымен жүзеге асырылған тұңғыш республикалық жоба.

Жалпы, байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 348 шығармашылық жұмыс келді, оның ішінен қазылар алқасы үздік 23 жұмысты іректеп, ақтық мәреге өткізді. Сол үміткерлердің арасынан топ жарып, мықты атанған елордалық № 53 мектеп-лицейінің оқушысы Аружан Лесқали СДУ-дың 100 % грантына ие болды.


Жеңімпаздарды бүгін білім ошағының қабырғасында СДУ ректоры Қанат Қожахмет пен «Алматы» телеарнасының бас директоры Әлібек Әлденей мырза салтанатты түрде марапаттап, арнайы сертификаттарын табыстады.
СДУ ұжымы байқау жеңімпазын шын жүректен құттықтап, Астаналық № 53 мектеп-лицейінің директоры Қиянова Зәмзәгүл Ертайқызына ерекше алғыс білдіреді.