Science Department

CДУ Ғылым департаменті

Сулейман Демирел атындағы университеттің Ғылым департаменті барлық құрылымдық бөлімшелердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын бақылау мен үйлестіруді қамтамасыз ететін университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Ғылым департаменті СДУ-дағы ғылыми және инновациялық іс-әрекеттің тиімділігін арттыру, ғылыми зерттеулерді барынша толық пайдалануды қамтамасыз ету және ғылыми әлеует пен материалдық-техникалық базаны дамыту мақсатында 2011 ж. құрылған.

СДУ Ғылым департаментінің қызметі:

  • Ғылым аясындағы мемлекеттік саясатты университетте ұйымдастыруға қатысу және жүргізу;
  • Ғылымның әлемдік жетістігіне сәйкес ҒЗЖ мен СҒЗЖ-ның жан-жақты дамытуын қамтамасыз ету;
  • Ғылыми-зерттеу институттар, зертханалар, факультеттер мен кафедрлардың ғылыми іс-әрекетін бақылау және үйлестіру;
  • Университет қызметкерлері мен ПОҚ ғылыми жарияланымдарының сапасын арттыруды ұйымдастыру және бақылау (импакт-факторлы және рейтингісі жоғары журналдарда және т.б.);
  • Университет қызметкерлері мен ПОҚ орындайтын ғылыми зерттеулер нәтижелеріне қорғалатын құжат алуды ұйымдастыру және бақылау;
  • Университеттің және оның барлық құрылымдық бөлімшелерінің ҒЗЖ мен СҒЗЖ жоспарларының орындалу барысын үйлестіру және бақылау;
  • Университет қызметкерлері мен ПОҚ-ның түрлі деңгейдегі ғылыми жобалар байқауына қатысуын ұйымдастыру және бақылау;
  • Студенттік ғылыми үйірмелер іс-әрекетін үйлестіру және бақылау;
  • Түрлі байқаулар, олимпиадалар, ғылыми конференцияларға және т.б. ПОҚ, магистранттар мен студенттердің қатысуын ұйымдастыру және бақылау.

Негізгі ғылыми бағыттар

Университетте ғылыми зерттеулер іргелі және қолданбалы, инициативті жобалар негізінде бюджеттік қаржыландыру аясында, университеттің және шаруашылық-келісімдік зерттеудің бюджеттен тыс қаржысы есебінен жүзеге асырылады.
ҚР БҒМ тарапынан гранттық қаржыландырылатын байқауда 2012 жылы 3 жоба, 2013 жылы 1 жоба ұтып алынып, 5 шаруашылық -келісімдік тақырып орындалуда, ғылыми жобалардың университетішілік байқауының нәтижесі бойынша ПОҚ-ның 22 жобасы иеленді. 
  Бүгінгі күнде ҚР БҒМ гранты бойынша 4 жоба, шаруашылық-келісімдік жоба бойынша - 4 жоба, университет қаржысы бойынша инициативті 22 жоба орындалуда. Оның 10-ы іргелі ғылыми-зерттеу жобалары 8 қолданбалы, 4 тәжірибелік-конструкторлық жоба болып табылады.
СДУ ғылыми-зерттеу жұмыстары университеттің, кафедралар ПОҚ-ның, ғылыми-зерттеу институттары инженер-техникалық қызметкерлері мен мамандарының, курстық және бітірушілік жобаларды орындау барысындағы студентердің, студентердің ғылыми үйірмелерінің, докторантар мен магистранттарды дайындаудың жеке жоспарларына, ҒЗЖ, СҒЗЖ жоспарларына сәйкес орындалады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын университет ректоры бақылап, ғылым ісі жөніндегі проректор мен ғылым департаменті үйлестіреді.
Университеттің ғылыми-зерттеу іс-әрекеті 4 факультетте, 13 кафедрада, 4 ҒЗИ-да, 4 ғылыми зертханада жүзеге асырылады.

 

  • Name: Bakhytgul Kulchimbayeva
    Degree: PhD
    Position: Director
    Email: bakhytgul.kulchimbayeva@sdu.edu.kz
  • Name: Ainur Nurasheva
    Degree: Master
    Position: Chief expert
    Phone: 307 95 60 (236)
    Email: ainur.nurasheva@sdu.edu.kz