Educational and Methodical Center

Оқу-әдістемелік орталық (ОӘО) университеттің құрылымдық бөлімшесі және СДУ-дағы стратегияларды жобалау, әдістемелік жұмыстарды жүргізу тәртібі мен оңтайландыру бойынша оның негізгі органы болып табылады.

ОӘО өзінің практикалық қызметінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жарлықтары мен инструктивті хаттарын, СДУ-дың ережелері мен бұйрықтарын, университеттің Ғылыми кеңесінің, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі Ғылыми кеңес комиссиясының шешімдерін басшылыққа алады.

ОӘО қызметінің негізгі мақсаты қоғамның әлеуметтік тапсырысына және өндірістің заманауи талаптарына сәйкес түлектерді даярлау сапасын арттыру болып табылады.

  • Name: Dana Moldabayeva
    Degree: PhD
    Position: Director
    Phone: 307 95 60 (212)
    Email: dana.moldabayeva@sdu.edu.kz